«Үйде жатпа» күнтізбесі. 3 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 02 марта, 2023


❗️1993 жылы 3 наурыз — Халықаралық Арал теңізін құтқару қоры құрылды. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан басшылары «Арал теңізі және Арал маңы проблемаларын шешу, экологиялық сауықтыру және Арал аймағының экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша бірлескен әрекеттер туралы келісімге келіп, Аралды құтқару халықаралық қоры туралы ережеге қол қойды. Осылайша оны сауықтыруға және әлеуметтік-экономикалық дамуында жәрдемдесуге уәде берді. Соңғы жарты ғасырда Арал теңізінің көлемі 10 есеге азайған. Сонымен қатар әлемдегі төртінші теңіз көлемі жағынан бірнеше тәуелсіз су қоймаларына бөлінді.

🌲Бүгін — Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік жабайы табиғат күні аталып өтеді. Бұл күн — жабайы флора мен фаунаның жойылу қаупімен күресуге арналған. Адамдар жабайы табиғатпен үйлесімді өмір сүртүсінуі керек. Өйткені жануарлар мекендейтін орын таппағандықтан, олардың саны қысқарып жатыр. Зерттеулерге сүйенсек, әлемдегі жануарлардың 20%-ы алдағы 30 жыл ішінде мәңгілікке жойылып кетуі мүмкін.

 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

✍️Бүгін — Дүниежүзілік жазушылар күні. Бұл күнді “мереке күнтізбесіне” енгізу туралы шешім 1986 жылы өткен Халықаралық ПЕН-клубтың 48-ші конгресінде қабылданды. Ерекше атауы бар клуб «ПЕН» (ағылшын тілінен аударғанда – «қалам», шын мәнінде ұйымның атауы сөздердің бірінші әріптері арқылы жасалған аббревиатура: Poet — поэт, Essayist — очеркші, Novelist — romanist) 20 ғасырдың басында Лондонда құрылды.  Оның 101 елде 144 орталығы бар. Қазақстандағы ПЕН клубының негізін қалаушы – белгілі жазушы Әбдіжамал Нұрпейісов.

 

Жазушыларды білсеңіз, мерекесімен құттықтап қойыңыз! ✍️

🙉3 наурыз ДДҰ бастамасымен — Дүниежүзілік есту қабілеті күні аталып өтеді. Саңырау болуға және ішінара есту қабілетінің бұзылуына негізгі себептер — генетикалық бұзылулар, созылмалы құлақ инфекциялары, т.б. бірқатар аурулар. Дүниежүзінде 1 миллиардтан астам адам музыка тыңдау арқылы есту қабілетінен айырылып жатыр. Сондықтан дәрігерлер жастар мен олардың отбасыларына қатты дыбыстардан  аулақ болуға әрі құлақаппен жиі музыка тыңдамауға шақырады.

 

Өзіңізге және денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз! 🕺