«Үйде жатпа» күнтізбесі. 3 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 03 Сәуір, 2023


🐟 3 сәуір – Дүниежүзілік су жануарлары күні. Аталмыш күннің мақсаты – әлемдегі су жануарлары арасында кездесетін мәселелерге назар аудару. Бұл – ең алдымен, шамадан тыс балық аулау әрі тұщы су мен мұхиттардың ластануымен байланысты. Су экожүйесінің қоректік тізбектерін бұзып қана қоймай, балық пен басқа да теңіз өнімдерін химиялық ластануы адамдардың улануына алып келеді.

 

Осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

📱Бүгін – ұялы телефонның пайда болған күні. 1973 жылы 3 сәуірде Motorola инженері Мартин Купер бірінші рет нөмір теріп, компанияның кеңсесіне салмағы 2,5 келі болатын Motorola DynaTAC 8000X ұялы телефонынан қоңырау шалды.

 

Сіздің алғашқы телефоныңыз қай брендттен болды?

🎭 2021 жылдың 3 сәуірінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық опера және балет театрының әнші директоры – Майра Мұхамедқызы классикалық өнер саласындағы BraVo сыйлығының иегері атанды. BraVo халықаралық кәсіби музыка сыйлығы 2017 жылы Монте-Карло радиосы мен ресейлік медиа тобының қолдауымен тағайындалды. Оған Қазақстан, Ресей, Италия, Индонезия, Қытай, Уругвай, Жапония және Оңтүстік Кореяның өнерпаздары қатысты. 

 

👥 3 сәуір екі атақты адамның туған күні. Бүгін халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушы – Амангелді Имановтың (1873-1919) туғанына 150 жыл. Оған Ж.Жабаев, О.Шипин, тағы басқа ақындар өз өлеңдерін, жырларын арнаған. Жазушы Ғ.Мүсірепов «Амангелді» пьесасында халық батырының көркем бейнесін сомдаған. Бейнелеу өнерінде батыр бейнесін сомдаған халық суретшілері Ә.Қастеев пен Қ.Телжанов. 1938 жылы режиссер М.Левиннің «Амангелді» фильмі түсірілді. 

99 жыл бұрын американдық актер және режиссер – Марлон Брандо (1924-2004) дүниеге келген. Ол екі рет «Оскар» сыйлығын алып, көптеген беделді марапаттардың иегері атанды. Сонымен қатар «100 жылдағы ең керемет 100 кино жұлдызының» тізіміне енді. Көпшілік оны «Өкіл әке» фильміндегі Вито Корлеоне ретінде еске алады.

 

Сіздің қалаңызда Амангелді Имановтың есімімен аталған ғиамараттар бар ма?