«Үйде жатпа» күнтізбесі. 3 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 03 июля, 2023


🫴3 шілде – Халықаралық полиэтилен пакеттерінен бас тарту күні. Бұл қаптар берік болуымен, қолайлығымен және қарапайымдылығы үшін ерекше бағаланады. Бірақ олардың табиғи жағдайда ыдырауы үшін 100-ден 200 жылға дейін қажет. Адамға заттарын тасымалдау үшін сөмке орта есеппен 25 минут қана қажет. Ал полигондарда шіріген полиэтилен пакеттерінің ауаға тарайтын улы заттары экологиялық апатқа әкеліп, адамдарды онкологиялық ауруға шалдықтырады. Бұл эко-күннің мақсаты — қағаз қаптамалар мен қайта пайдалануға болатын сөмкелерді қолдануға шақыру.

 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

👣1910 жылы 3 шілдеде Әліби Жангелдиннің дүниежүзіне сапары Мәскеуден басталды. Әлемлі шарлаған тұңғыш қазақ саяхатшысы 2 жылда Польша, Австрия-Венгрия, Югославия, Болгария, Түркия, Сирия, Палестина, Мысыр, Абиссиния, Арабия, Месопотамия, Парсы, Үндістан, Сиам, Қытай, Жапония елдерін басып өтті. Әліби Жангелдин (1884-1953) – мемлекет қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауына байланысты күресті ұйымдастырушылардың бірі. Ол туралы бірнеше көркем шығармалар жарық көріп, фильм түсірілді.

 

Сіздің қалаңызда Әліби Жангелдиннің есімімен аталған қандай орындар бар?

👨‍🏫1903 жылы 3 шілдеде Қазақстандағы алғашқы арнаулы орта оқу орындарының бірі – Семей мұғалімдер семинариясы ашылды. Оған Семей, Кереку, Өскемен, Қарқаралы, Ақмола уездерінен 24 бала қабылданды. Кейін Тобылдан, Барнаулдан, Жетісудан студенттер қабылдай бастады. Уақыт өте семинария педагогикалық техникумға, кейін колледжге айналды. Бұл оқу орнында ұлттық зиялы қауымның көрнекті өкілдері: Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Аймауытов, т.б. 

👥3 шілде өмірге келген атақты адамдар. Бүгін американдық актер, режиссер, сценарист және продюсер Том Круз 61 жасын атап өтеді. Өнер иесі үш дүркін «Алтын глобус» иегері және үш мәрте «Оскарға» үміткер болды. Ол 40-тан астам фильмге түсті. Оның көпшілігі блокбастерлерге айналды. Өткен жылы, ол жақын арада фильмнің түсірілімі басталатынын айтты. Түсірілім барысында ол ғарышқа шығуы керек еді. Сонымен қатар 1971 жылы 3 шілделе австралиялық журналист және тележүргізуші, Wikileaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж дүниеге келді. 2006 жылдан бастап ол тыңшылық жанжалдары, жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлық, әскери қылмыстар және АҚШ дипломатиясының құпиялары туралы материалдарын үлкен көлемде жариялады. Бұл оқиғадан кейін оны зорлады деген айып тағылып, әлеуметтік желілер оның парақшасын жауып тастап, банктегі есепшоттарын бұғаттап тастады. Қазір ол Ұлыбританияда қамауда отыр. Егер АҚШ-қа экстрадицияланса, журналист 175 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Том Круздың қай фильмі сізге ұнайды?