«Үйде жатпа» күнтізбесі. 3 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 03 сентября, 2023


🎉Қыркүйектің бірінші жексенбісінде мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Халық шаруашылығының барлық саласының үздіксіз жұмыс істеуі және азаматтар өмірінің жайлылығы геологтар мен бұрғышыларға, құрылысшыларға, көлік қызметкерлеріне, технологтарға және өз тағдырын мұнай-газ саласымен байланыстырғандарға байланысты. Дегенмен аталмыш салада қызмет ететіндердің жұмысы өте ауыр. Себебі олардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп жоғары. Сондықтан олардың батылдығы мен қайсарлығына таңданыспен қарау заңдылық. 

 

Егер таныс мұнайшыларды білсеңіз, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз! 

🔬Бүгін ДНҚ бірегейлігінің ашылған күні. 1984 жылы 3 қыркүйекте генетик Алек Джеффрис ДНҚ молекуласының бірегейлігін ашады. Оның тізбектерін “генетикалық іздер” деп атады. Ол қазір бүкіл әлемде — атап айтатын болсақ, криминалистикада, сот сараптамасында, әкелік шешімді анықтауда қолданылады. Сонымен қатар көптеген зерттеулерге жаңа серпін берді. Тарихи масштабта ДНҚ құрылымы атом құрылымының ашылуымен салыстырылады. Себебі ол молекулалық биологияны тудырды.

💫Бүгін бүкіл әлем әйелдері төстартқыштың пайда болған күнін атап өтеді. 1914 жылы 3 қыркүйекте Мэри Фелпс Джейкоб әйелдердің осы киіміне патент алды. Корсеттен бас тартып, ол екі орамал мен лентаның дизайнын қолдана бастады. Бүгінгі таңда әйелдердің интимдік киімі ең заманауи технологияларды қолдану арқылы шығарылады. 2013 жылы Victoria’s Secret 4200 гауһар тастармен безендірілген, құны 10 миллион доллар болатын The Royal Fantasy төстартқыштарын шығарды. 

👥3 қыркүйек екі танымал адамның туған күні. 148 жыл бұрын неміс автомобильдер мен броньды танктың конструкторы Фердинанд Порше (1875-1951) дүниеге келді. Porsche негізін қалаушы тарихтағы ең танымал автокөлік — Volkswagen Käfer жасаушы ретінде де белгілі. Сонымен қатар бүгін американдық актер және сценарист Чарли Шин 58 жасқа толды. Өнер иесі «Взвод», «Уолл-стрит», «Очень страшное кино» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал. 2010 жылы ол сериалдағы бір эпизоды үшін 1,8 миллион доллар алатын ең қымбат телеактер атанды. 

Сізге Porsche көліктерінің қай моделі ұнайды?