«Үйде жатпа» күнтізбесі. 3 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 03 сентября, 2024


🌡Бүгін ДНҚ бірегейлігінің ашылған күні. 1984 жылы 3 қыркүйекте генетик Алек Джеффрис ДНҚ молекуласының бірегейлігін ашады. Оның тізбектерін “генетикалық іздер” деп атады. Ол қазір бүкіл әлемде — атап айтатын болсақ, криминалистикада, сот сараптамасында, әкелік шешімді анықтауда қолданылады. Сонымен қатар көптеген зерттеулерге жаңа серпін берді. Тарихи масштабта ДНҚ құрылымы атом құрылымының ашылуымен салыстырылады. Себебі ол молекулалық биологияны тудырды.

👍2021 жылдың 3 қыркүйегінде Түркияда қазақстандық “Томирис” фильмі прокатқа шықты. Аталған кинотуынды бауырлас елдің 200-ден астам кинотеатрында көрсетілді. Сонымен қатар Ұлы дала ханшайымы туралы фильмді көрсету құқығын Америка, Ұлыбритания, Италия, Испания, Жапония, Таяу Шығыс, Оңтүстік Корея, ТМД, Сингапур, Румыния және Францияның дистрибьюторлары да иеленді. Естеріңізге сала кетейік, “Томирис” тарихи драмасы L’Étrange Festival француз кинофестивалінің бас жүлдесіне ие болды, ал Nomad Stunts каскадерлік тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов фильмде трюктерді сахналағаны үшін Дүниежүзілік каскадерлер академиясының (АҚШ) беделді Taurus сыйлығын иеленді.

 

Сізге “Томирис” фильмі ұнады ма?

💫Бүгін бүкіл әлемдегі әйелдер төстартқыштың пайда болған күнін атап өтеді. 1914 жылы 3 қыркүйекте Мэри Фелпс Джейкоб әйелдердің осы киіміне патент алды. Корсеттен бас тартып, ол екі орамал мен лентаның дизайнын қолдана бастады. Бүгінгі таңда әйелдердің интимдік киімі заманауи технологияларды қолдану арқылы шығарылады. 2013 жылы Victoria’s Secret 4200 гауһар тастармен безендірілген, құны 10 миллион доллар болатын The Royal Fantasy төстартқыштарын шығарды. 

 

👥3 қыркүйек — танымал екі адамның туған күні. 149 жыл бұрын неміс автомобильдері мен броньды танктың конструкторы Фердинанд Порше (1875-1951) дүниеге келді. Porsche негізін қалаушы тарихтағы ең танымал Volkswagen Käfer автокөлігін жасаушы ретінде де белгілі. Сонымен қатар бүгін америкалық актер әрі сценарист Чарли Шин 59 жасқа толды. Өнер иесі “Взвод”, “Уолл-стрит”, “Очень страшное кино” фильмдеріндегі рөлімен танымал. 2010 жылы ол сериалдағы бір эпизоды үшін 1,8 миллион доллар алатын ең қымбат телеактер атанды. 

Сізге Porsche көліктерінің қай моделі ұнайды?