«Үйде жатпа» күнтізбесі. 30 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 30 января, 2024


✔️Бүгін мектептерде бейбітшілік және зорлық-зомбылыққа қарсылық таныту күні. 1964 жылы оның құрылуына испан ақыны, педагог және пацифист Лоренцо Видаль себепкер болды. Аталмыш күн  1948 жылы 30 қаңтар оққа ұшқан Үндістанның тәуелсіздігі үшін күрескер Махатма Гандиді еске алу мақсатында әлемнің барлық мектебінде аталып өтеді. Ганди өмір бойы діни қақтығыстар мен зорлық-зомбылыққа қарсы күресті. Алайда ол осындай зорлық-зомбылық кесірінен ажал құшты. Бұл күннің ұраны: “Жалпыға деген сүйіспеншілікті алға қойып, өзімшілдік пен зорлық-зомбылыққа қарсы жүру”. 

 

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? :)

🙌🏻Бүгін тағы бір қызықты мереке — ауалы көпіршікті қағаз күні. Бүкіл әлемде адамдар осындай қағаздарды жарып, жүйке жүйесін тыныштандырғанды ​​ұнатады екен. Бұл 1957 жылы америкалық Аль Филдинг пен Марк Чаваннестің текстуралы пластикалық тұсқағаздар жасауының нәтижесінде пайда болды. Бірақ тапсырыс беруші олардың жасаған жұмысын сынға алады. Содан соң олар бағалы тауарларды орау мақсатында оны сыйлық ретінде пайдалану идеясын ұсынады. Мереке қарсаңында радио жүргізушілері тыңдаушыларына ұнайтын ауалы көпіршікті қағаздарды эфирге шығара бастады.

Сіз де осындай қағаздарды қолданғанды ұнатасыз ба?

😍30 қаңтар тәтті құмар жандар круассан күнін атап өтеді. Бұл — француздардың арнайы кондитер өнімі. Алайда оны австриялықтардың ойлап тапқанын көбі біле бермейді. 1683 жылы түрік әскері Венаға шабуыл жасамақ болады. Бірақ австриялықтар өз астанасын қорғап қалады. Жеңіс құрметіне орай наубайшылар Осман империясының символы болып саналатын жарты ай түрінде қамыр дайындайды. Осылайша аталмыш кондитерлік өнім Венада дәстүрлі таңғы асқа айналды. Францияда круассандарды австриялық Мари Антуанетта енгізді. Сәйкесінше француз наубайшылары осы танымал десерттің мәзірін ары қарай жетілдіруге үлкен үлес қосты.

Сізге круассанның қай түрі ұнайды?    

👥30 қаңтар өмірге келген танымал адамдар. 110 жыл бұрын қазақ жазушысы және журналист Саттар Ерубаев (1914-1937) дүниеге келді. Ол “Мои ровесники” романының, «Жалқаулар» сатиралық әңгімелерінің және басқа да көптеген шығарманың авторы. Мұхтар Жанғалинмен бірге жоғары сыныптарға арналған «Әдебиет оқулығын» құрастырды. Ауыр дертке шалдығуына байланысты 23 жасында қайтыс болды. Түркістанда оның құрметіне мектеп-интернатқа есімі беріліп, ескерткіш орнатылды. Сонымен қатар бүгін ағылшын актері Кристиан Бейл 50 жасқа толды. Ол “Оскар” сыйлығын, екі мәрте “Алтын глобус” сыйлығын және екі мәрте америкалық киноактерлер гильдиясының сыйлығының иегері атанды. Өнер иесі мансап жолында 50-ден астам фильмге түсті. 2011 жылы Time журналы Бейлді әлемдегі ең ықпалды 100 адамның тізіміне енгізді.

Сізге Кристиан Бэйлдің қай фильмі ұнайды?