☑️ Бүгін мектептегі зорлық-зомбылыққа қарсылық әрі бейбітшілік күні. 1964 жылы оның құрылуына себепкер болған испан ақыны, педагог және пацифист — Лоренцо Видаль. Аталмыш күн 1948 жылы 30 қаңтар оққа ұшқан Үндістанның тәуелсіздігі үшін күрескер Махатма Гандиді еске алу мақсатында әлемдегі барлық мектепте аталып өтеді. Ганди өмір бойы діни қақтығыстар мен зорлық-зомбылыққа қарсы күресті. Алайда ол осындай зорлық-зомбылыққа ұшырап қайтыс болды. Бұл күннің ұраны: «Жалпыға деген сүйіспеншілікті алға қойып, өзімшілдік, зорлық-зомбылыққа қарсы жүру».
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? :)
☑️ Бүгін тағы бір қызықты мереке — түссіз көпіршікті қағаздарды орау күні. Бүкіл әлемде адамдар көпіршіктерді жарып, өздерін тыныштандырғанды ұнатады екен. Бұл 1957 жылы американдықтар Аль Филдинг пен Марк Чаваннестің текстуралы пластикалық тұсқағаздар жасауының нәтижесінде пайда болды. Бірақ тапсырыс беруші олардың жасаған жұмысын сынға алды. Содан соң олар бағалы тауарларды орау мақсатында оны сыйлық ретінде пайдалану идеясын ойлап тапты. Мереке қарсаңында радио жүргізушілері тыңдаушыларына ұнайтын көпіршіктерді эфирге шығара бастады.
Сізге де көпіршіктерді жарған ұнай ма?
☑️30 қаңтар тәтті әуесқойлары — круассан күнін атап өтеді. Круассандар француздардың арнайы кондитер өнімі болып саналса да, олардың австриялықтардың ойлап тапқанын ешкім біле бермейді. 1683 жылы түрік әскерлері Венаға шабуыл жасамақ болды, бірақ австриялықтар өз астанасын қорғады. Жеңіс құрметіне наубайшылар Осман империясының символы болып табылатын жарты ай түрінде қамыр дайындайды. Бұл кондитерлік өнімдер Венада дәстүрлі таңғы асқа айналды. Францияда круассандарды австриялық Мари Антуанетта енгізді, ал француз наубайшылары осы танымал десерттің рецептін ары қарай жетілдіруге үлес қосты.
Сізге круассанның қай түрі ұнайды?
☑️30 қаңтар өмірге келген танымал адамдар. 109 жыл бұрын қазақ жазушысы және журналисі — Саттар Ерубаев (1914-1937) дүниеге келді. Ол «Мои ровесники» романының, «Жалқаулар» сатиралық әңгімелерінің және басқа да көптеген шығармалардың авторы. Мұхтар Жанғалинмен бірге жоғары сыныптарға арналған «Әдебиет оқулығын» құрастырды. Ауыр дертке шалдығуына байланысты 23 жасында қайтыс болды. Оның Отаны Түркістанда оның құрметіне мектеп-интернат аталып, ескерткіш ашылды.
Сонымен қатар бүгін 49 жылдығын ағылшын актері Кристиан Бэйл атап өтеді. Ол Оскар сыйлығын, екі мәрте Алтын глобус сыйлығын және екі мәрте американдық киноактерлер гильдиясының сыйлығының иегері атанды. 2011 жылы Time журналы Бейлді әлемдегі ең ықпалды 100 адамның тізіміне енгізді. Ол өзінің мансабында 50-ден астам фильмде ойнады. Олардың көпшілігі блокбастер болды.
Сізге Кристиан Бэйлдің қай фильмі ұнайды?