«Үйде жатпа» күнтізбесі. 30 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 30 октября, 2023


🙀30 қазан – Дүниежүзілік өмір күні. Бүгінгі мереке жер бетіндегі тіршіліктің салтанат құруы ең құнды сыйлық екенін білдіреді. Біз өмірдің әртүрлі кезеңінен өтеміз. Қуаныш пен қиындықтарды бастан кешіреміз. Бірақ өмірдің әр сәтінің өзіндік құндылығы мен мәні бар. Бұл күн бізді өз өміріміз туралы көбірек білуге, оның мәні туралы ойлауға және мақсаттарымызға жету үшін өзін-өзі дамытумен айналысуға шақырады. 

💥1961 жылы 30 қазанда КСРО тарихтағы ең қуатты ядролық қару «Патша бомбасын» сынады. Бомба ұшақтан “Сухой Нос” ядролық полигонына (Новая Земля аралы, Ресей) лақтырылды. Жарылыстың қуаты 58,6 мегатонна тротил болды. Бомбаның жойқын күші Хиросиманы талқандаған американдықтардың жарылысынан бірнеше мың есе артық болды. Бомбаларды сынау КСРО қарсыластарын қорқыту әрекетіне айналды. Жарылыс толқыны Жерді үш рет айналып өтіп, әлем алғаш рет ядролық қарусызданудың нақты бағдарламасы қажет екенін анық түсінді. 

🍫30 қазан — әлемнің көптеген елінде қантқа тәуелділіктен хабардар ету күні. Тәтті өнімдерді шамадан тыс тұтыну семіздікке ғана емес, кариестің дамуына, қан айналымы және эндокриндік жүйелердің патологияларына және басқа да денсаулыққа байланысты проблемаларға әкеледі. Диетологтар мен нутрициологтар қантқа деген тәуелділіктен құтылу оңай емес екенін айтады. Бұл күннің мақсаты – күнделікті тұтынатын тағамдағы қантты азайту керек екенін еске салу. 

Сіз тәттісіз қанша уақыт жүре аласыз?

👥30 қазан екі атақты тұлғаның туған күні. Бүгін қазақ театр актрисасы Рымкеш Омарханова 84 жасқа толды. Шығармашылық жолында ол 150-ден астам рөлдерді сомдады. Оның ішінде “Ромео мен Джульетта”, “Еңлік-Кебек” қойылымдарын ерекше атап өтуге болады. Өнер иесі кәсіби және мемлекеттік сыйлықтармен марапатталған. Сондай-ақ 63 жыл бұрын футболда аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона (1960-2020) дүниеге келді. Ол ФИФА ресми сайтында дауыс беру арқылы ХХ ғасырдың үздік футболшысы және The Times газетінің нұсқасы бойынша әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік футболшы атанды. Футболшы құрметті “Алтын доптың” алғашқы иегері. 1986 жылдың әлем чемпионы. “Архентинос Хуниорс” және Италиядағы “Наполи” клубының стадионы Диего есімімен аталады. 

Сіздің ойыңызша әлемдегі ең үздік футболшы кім?