«Үйде жатпа» күнтізбесі. 30 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 30 октября, 2024


🗣30 қазан – Дүниежүзілік өмір күні. Бүгінгі мереке жер бетіндегі тіршіліктің салтанат құруы — ең құнды сый екенін білдіреді. Біз өмірдің әртүрлі кезеңін бастан өткереміз. Мәселен, қуаныш пен қиындық қатар жүріп жатады. Дегенмен өмірдің әр сәті өзіндік құндылық пен мәнге ие. Бұл күн әр адамға өз өміріне саналы көзқараспен қарауға, оның мәнін тереңірек түсінуге және мақсатқа жету жолында өзін-өзі дамытуға шақырады.

 

👣1961 жылы 30 қазанда КСРО тарихтағы ең жойқын “Царь-бомбы” ядролық қаруын сынақтан өткізді. Бомба Ресейдің Жаңа Жер аралындағы “Сухой Нос” ядролық полигонына ұшақтан тасталды. Жарылыс қуаты тротил баламасында 58,6 мегатоннаны құрады. Бомбаның жойқын күші Хиросиманы талқандаған америкалықтардың жарылысынан бірнеше мың есе артық болды. Бомбаны сынау КСРО-ның қарсыластарын қорқыту әрекеті ретінде қарастырылды. Жарылыс толқыны Жер шарын үш рет айналып өтіп, әлем алғаш рет ядролық қарусызданудың нақты бағдарламасы қажет екенін айқын түсінді. 

👀30 қазан — әлемнің көптеген елінде қантқа тәуелділік туралы хабардар ету күні. Шектен тыс тәтті өнімдерін тұтыну тек семіздікке ғана емес, сондай-ақ кариес, қан тамырлары мен эндокриндік жүйе патологиялары және денсаулыққа байланысты басқа да көптеген мәселенің туындауына әкеледі. Диетологтар мен нутрициологтар қантқа деген тәуелділіктен айығу оңай емес екенін айтады. Бұл күннің мақсаты – адамдарға күнделікті тұтынатын тағамда қант мөлшерін азайту қажет екенін еске салады. 

Ал сіз қанша уақыт тәттіден бас тарта аласыз?

 

👥30 қазан — атақты екі тұлғаның туған күні. Бүгін қазақ театр актрисасы Рымкеш Омарханова 85 жас мерейтойын атап өтеді. Шығармашылық жолында ол 150-ден астам рөлді сомдады. Оның ішінде “Ромео мен Джульетта”, “Еңлік-Кебек” қойылымдарын ерекше атап өтуге болады. Өнер иесі кәсіби және мемлекеттік сыйлықтармен марапатталған. Сондай-ақ 64 жыл бұрын футболда аты аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона (1960-2020) дүниеге келді. Ол ФИФА ресми сайтында дауыс беру арқылы ХХ ғасырдың үздік футболшысы және The Times газетінің нұсқасы бойынша әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік футболшы атанды. Футболшы құрметті “Алтын доптың” алғашқы иегері. 1986 жылдың әлем чемпионы. “Архентинос Хуниорс” және Италиядағы “Наполи” клубының стадионы Диего есімімен аталады. 

Сіздің ойыңызша әлемдегі ең үздік футболшы кім?

 

#күнтізбе #30қазан #өмір