«Үйде жатпа» күнтізбесі. 30 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 30 мая, 2024


👃30 мамыр — Дүниежүзілік астма мен аллергияға қарсы күрес күні. Бүгінгі таңда бұл мәселе химия өнеркәсібінің дамуы мен экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жаһандық сипат алуда. Қазақстандықтардың 25-35%-ы өсімдіктердің гүлдену кезеңіне сәйкес келетін аллергиялық ринит және демікпенің өршу белгілерін сезінеді. Сол себепті дәрігерлер науқастарға тозаңнан аулақ болуға, оны көзге және тыныс алу жолдарына тигізбеуге кеңес береді. Сонымен қатар темекі шегуді тоқтату, дәрі-дәрмектерді тек дәрігердің нұсқауымен қабылдау ұсынылады. 

 

👠Бүгін халықаралық феминизм күні де аталып өтеді. Аталмыш күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1431 жылы 30 мамырда Жанна д’Арк өлім жазасына кесілді. Әйелдер өз құқықтары үшін сонау 18 ғасырда күресе бастады. Бірақ өткен ғасырдың 60-жылдарында ғана олар кей өзгерістерге қол жеткізе алды. Әйелдер шалбар киіп, өз ісін жасап, мансабын құрып, сайлауға қатысуға құқылы болды. Қазақстанда дәстүрлі түрде 8 наурыз күні Алматы мен Астанада феминистік митингілер өтіп, әйелдер құқығын қорғайтын азаматтық қозғалыстар белсенді түрде жұмыс істеп келеді. 

 

Сіз Қазақстанда феминизмнің дамуын қолдайсыз ба? 

 

 

🗣1953 жылы 30 мамырда Қазақ академиялық опера және балет театрының сахнасында тұңғыш рет “Дудар-ай” операсы қойылды. Либреттосын А.Хангелдин, ал музыкасын Е.Брусиловский жазды. Қоюшы режиссері — Қ.Байсейітов. Бұл орыс қызы Мәриям мен қазақтың сал серісі Думанның арасындағы сезім мен нәзік махаббатты сипаттайтын туынды. Ол орыс қызы Мәриям Жагорқызының әйгілі әніне жазылған. “Дудар-ай” бүгінгі күнге дейін барлық қазақстандық опера театрларының репертуарына енген. 

Тағы қандай қазақ опера туындыларын білесіз?  

👥30 мамыр — танымал қос музыканттың туған күні. 66 жыл бұрын шведтік Roxette дуэтінің вокалисі Мари Фредрикссон (1958-2019) дүниеге келді. Ол 1990 жылдың басында “Әдемі әйел” фильмінің саундтрегін орындағаннан кейін танымал болды. Өнер иесі көптеген беделді марапаттың иегері. Оның әндері әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай келеді. Нақтырақ айтсақ, YouTube қосымшасында әншінің туындылары миллиондаған қаралымға ие болуда. Сонымен қатар бүгін Еуропалық оркестрлерді басқарған скрипкашы, тұңғыш қазақ дирижері Алан Бөрібаев 45 жас мерейтойын атап өтеді. Оның репертуарында әлемдік музыканың бірнеше үлгісі бар. Шетелде дирижерлық ете отырып, әрдайым жұрттың ыстық ықыласына бөленген қазақ композиторларының музыкасын үнемі насихаттап келеді. Өнер иесі А. Педротти атындағы (1998, Италия), Н.Малько атындағы (2001, Дания) конкурстардың лауреаты. 

 

Сіз қазақ классикалық музыканттарының қайсысын білесіз?