«Үйде жатпа» күнтізбесі. 30 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 30 Маусым, 2023


📱30 маусым – Дүниежүзілік әлеуметтік желі күні. Бұл мерекенің пайда болуы кездейсоқ емес. Өйткені әлеуметтік желілер сандық кеңістікте көп уақыт өткізетін заманауи адамдардың өмірінде маңызды рөл атқара бастады. Әлемдегі әрбір адам әлеуметтік желіге күніне орта есеппен 144 минут жұмсайды екен.

 

Сіз әлеуметтік желісіз бір күн өмір сүре аласыз ба? 

💫Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық астероидтар күні аталып өтуде. 1908 жылы 30 маусымда Сібірге Тунгус метеориті құлады. Жарылыстың күші атом бомбасындай болды. Себебі дауысы мыңдаған шақырым жерге дейін естілді. Бұл күннің мақсаты астероидпен соқтығысудың қауіптілігі және осындай жағдайда қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар етуге арналған. Қазақтың ең атақты метеориті Аягөз маңында 1840 жылы құлаған. Оның салмағы 2,8 келі. Ол «Қаракөл» деп аталды.

🌝30 маусымда әлемде қызықты екі оқиға орын алды. 1894 жылы Лондонда әйгілі Tower Bridge ашылды. Көпір құрылысында 8 жыл бойы 400-ден астам жұмысшы еңбек етті. Осы жылдар ішінде Тауэр көпірі Биг-Бенмен қатар Лондонның басты көрікті жерлерінің біріне айналды. Сонымен қатар 1905 жылы 30 маусымда Альберт Эйнштейн «Қозғалыстағы денелердің электродинамикасы туралы» мақаласында арнайы салыстырмалылық теориясының негізін қалады. Ол өткен ғасырдың басында әлем туралы жалпы қабылданған идеяларды өзгертті. Бұл әлі күнге дейін ғалымдардың санасы мен жүрегін толғандырады. 

💪30 маусым өмірге келген атақты спортшылар. Бүгін әлемдегі ең атақты спортшы Майкл Фелпс 38 жасқа толды. Ол 23 дүркін Олимпиада және 26 дүркін әлем чемпионы. Сондай-ақ бірнеше дүркін әлем рекордшысы атанды. Осы жетістіктері үшін оған «Балтимор оғы» және «Ұшатын балық» атағы берілді. Сонымен бірге бүгін бокс тарихындағы ең атақты жауынгерлердің бірі Майк Тайсон 57 жасқа толды. Ол әлі күнге дейін күшін жоймаған әлемдік рекордтардың иесі. Ауыр салмақтағы ең жас әлем чемпионы (20 жас 144 күн); ең жас абсолютті әлем чемпионы (21 жаста) және т.б. Ол ислам дінін ұстанып, өзіне арабтың Малик Абдул Азиз деген есімін алды. 

 

Спортпен шұғылданыңыз және жаңа рекорд орнатыңыз!