🏵1945 жылы 30 сәуірде 20 жастағы лейтенант Рахымжан Қошқарбаев пен 19 жастағы қатардағы жауынгер Григорий Булатов Рейхстаг ғимаратына Қызыл ту тікті. Бұл жауынгерлерге күш пен батылдық берген көптеген тудың ішінде алғашқысы еді. Алайда жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі көп жылдар бойы еленбей келді. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін оған Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілгені мәлім. Батырдың ерлігі жылдар бойы ресми Мәскеу тарапынан көпе-көрнеу ескерілмеді. Бүкіл кеңестік тарих оқулықтарында М.Егоров пен М.Кантарияның есімі айтылып, оларға КСРО Батыры атағы берілді деп жазылып келді. Кейін Қонаев Қошқарбаевқа Батыр атағын беру туралы арыз жазып, оған Б.Момышұлы, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев және басқа да қазақ зиялыларының өкілдері қол қояды. Бірақ Кеңес өкіметі оны жауапсыз қалдырды. 1999 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен оған Халық Қаһарманы атағы берілді.
🎼30 сәуірде ЮНЕСКО бастамасымен халықаралық джаз күні аталып өтеді. Өнердің бұл түрі бүгінгі таңға дейін музыканың бірегейі ретінде қала отырып, нәсілдер мен ұлттарды біріктіріп келеді. Сол себепті ол “бейбітшілік символы” саналады. Джаздағы негізгі аспаптардың бірі Батырхан Шүкенов шеберлікпен ойнаған саксофонды атап өтуге болады.
Сізге музыка өнерінің қай бағыты ұнайды?
☀️30 сәуір — Халықаралық шам жасаушылар күні. Бұл күн ғасырлар бойы адамдар үшін жалғыз жарық көзін ойлап тапқан шырақ жасаушы шеберлердің құрметіне арналады. Иә, қол шамдарының пайда болуы электр шамдарын өндіру мен тұтынудың азаюына әкелді. ХХІ ғасырда да аталмыш шамдар адамдар өмірінде маңызды рөл атқаруда. Қазіргі таңда оларды арнайы рәсімдер үшін, бөлмені безендіру мақсатында және медитация үшін қолданады.
Ал сіз шамдарды қандай мақсатта қолданасыз?
👥30 сәуірде өмірге келген танымал тұлғалар. 111 жыл бұрын Қазақстанның халық әртісі, актер және режиссер Әубәкір Ысмайылов (1913-1999) дүниеге келді. Ұлттық кәсіби кескіндеме мектебінің негізін қалаушылардың бірі 1928 жылы қазақ өнерінің тұңғыш көшпелі көрмесіне қатысты. 1939 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясының жанынан халық би ансамблін ұйымдастырды. Ол театрда режиссер және қоюшы-суретші болып қызмет етіп, фильмдерде де ойнады. Сонымен қатар бүгін израильдік актриса және модель, БҰҰ ізгі ниет елшісі Гал Гадот 39 жасқа толды. Ол көпшілікке “Әділет лигасы”, “Ғажайып әйел” және “Форсаж” фильмдеріндегі рөлімен танымал. 2022 жылы ол Tiffany & Co жоғары зергерлік бұйымдар желісінің бас елшісі болды.