«Үйде жатпа» күнтізбесі. 30 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 30 сентября, 2024


👤2012 жылы 30 қыркүйектен бастап Қазақстан Әділет қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Әділет министрлігі мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді, органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін сақтауды, заңды мүдделер мен құқықтарды қорғауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

 

Егер әділет қызметкерлерін білсеңіз, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз! 

🗣30 қыркүйек күні БҰҰ бастамасымен халықаралық аударма күні аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты — ауызша және жазбаша аударма кәсіби өнер ретінде халықтарды жақындастырып жатқанын насихаттау. Сонымен қатар диалог жүргізгенде өзара түсіністік пен ынтымақтастықты, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті дамытуда маңызды рөл атқаратынын түсіндіру. 

 

Сіз сондай-ақ таныс аудармашыларды мерекемен құттықтай аласыз!

 

 

✍️1938 жылы 30 қыркүйекте Мюнхен келісіміне қол қойылды. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына түрткі болған маңызды оқиға болды. Оған Ұлыбритания, Франция, Италия премьер-министрлері және Адольф Гитлер қол қойды. Осы келісім бойынша Германияға Чехословакияның Судет облыстары барлық зауытпен, шикізат қорларымен, байланыс жолдарымен берілді. Мюнхен келісімі Гитлердің келесі жылы орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерін басып алып, дүниежүзілік соғысты бастауына әкелді.

 

 

👥30 қыркүйек — танымал екі адамның туған күні. Бүгін қазақ жазушысы-публицист, ақын, аудармашы Сарбас Ақтаев 90 жылдық мерейтойын атап өтеді. Көптеген кәсіби және мемлекеттік марапаттардың иегері өлеңдер жинағының, тарихи очерктер мен эсселердің, «Тұңғыш кітап», «Дала тұралы толғауы», «Қапшағай хикаясы», «Бұлар бірінші болып еді», «Абылай хан», «Ханзаданың қасіреті», «Оқ жетпес», «Қазақ ханымдары» повестерінің авторы. Сондай-ақ итальяндық актриса әрі модель Моника Беллучи 60 жас мерейтойын тойлайды. «Дракула», «Малена», «Матрица» фильмдері Беллуччидің кино әлемінде танымал болуына әсер етті. Көптеген адам үшін Моника — шынайы сұлулық пен әйел образының ерекше көрінісі.