«Үйде жатпа» күнтізбесі. 30 желтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 29 декабря, 2022


☑️ Бүгін — сыйлық орау күні аталып өтеді. Күн дер кезде таңдалған. Өйткені жаңа жылдық сыйлықтардың басым бөлігі 30 желтоқсанға дейін сатып алынып қояды. Сондықтан 30 желтоқсан сыйлықтарды орау күні болып белгіленді. Егер сыйлықтарды алдын ала жинастырып, қаптамаға салып қойсаңыз, оны шаң басып, мыжылып, лас болып қалуы мүмкін. Сонымен қатар мерзімінен ерте алынған сыйлық ұзақ уақыт тұрап қалады. Әрі оралған сыйлық адамның көзіне бірден ілініп қалып жатады. Ал оралмаған сыйлықты жасыру оңай.

Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызға сыйлық сатып алдыңыз ба?

 

☑️ 100 жыл бұрын 70 жыл өмір сүрген, әлем тарихының барлық кезеңіндегі ең ірі мемлекет — КСРО құрылды. Оның құрамына қазіргі Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан және Эстония сынды 15 республика кірді. 1917 жылғы Конституцияға сәйкес, КСРО бiртұтас одақ, көп ұлтты және социалистiк мемлекет болып жарияланды. 

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан КСРО-дан шыққан одақтас республикалардың соңғысы болды. 1991 жылы 26 желтоқсанда КСРО ресми түрде жұмысын тоқтатты. Ол өзінің қолдан жасалған — квазимемлекет екенін дәлелдеді.

☑️30 желтоқсан тағы бір қызықты күн аталып өтеді. Яғни, бүгін адамдар үзіліссіз жұмыс істейді. Бұл жылдың соңғы жұмыс күні. Ал үзіліссіз жұмыс — орныңызды тазалауға, оны жаңа жылға дайындауға арналады. Бүгін электрондық поштаңызды тазалап, ескі жазбаларды өшіруге ең қолайлы күн. Егер мойныңызда аяқталмаған жұмыс немесе тапсырма болса, онда ертеңге қалдырмай, бүгін әрекетке көшіңіз. Сондай-ақ жаңа жылға арналған мақсаттарыңыз бен жоспарларыңызды жазып шығуға үлкен мүмкіндік! 

Ендеше, Жаңа жылда жұмысыңыз бен жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

☑️ 30 желтоқсан дүниеге келген танымал тұлғалар. Бүгін американдық гольфшы, әлемдегі алғашқы миллиардер спортшы — Тайгер Вудс 47 жылдығын атап өтеді. Ол спорттың осы түрінен көптеген рекорд орнатты. Сондай-ақ жеңістер саны бойынша спорт тарихында екінші орында тұр. Тайгер — алғашқы миллиардер спортшы. Бірақ ол ақшаның көп бөлігін гольф алаңынан емес, жарнамадан тапты. 2019 жылы Вудс Дональд Трамптан Президенттің Бостандық медалін алды. 

Сонымен қатар бүгін американдық баскетболшы — Леброн Джеймс өзінің 38 жылдық мерейтойын атап өтеді. Оның бойы — 206 см, салмағы — 113 кг. Ол екі дүркін Олимпиада чемпионы және NBA финалында 4 рет жеңіске жетті. Джеймс тарихта ең мейірімді баскетболшы деп аталады. Сондықтан оны — Майкл Джорданмен салыстырады. Биыл оның байлығы миллиард доллардан асты.

Сізге кім ұнайды? Майкл Джордан немесе Леброн Джеймс?