☑️Тарихи деректерге сүйенсек, ең алғашқы зергерлік бұйымдар б.з.д. 3-2 ғасырларда пайда болған. Нақтырақ айтсақ, зергерлік өнердің қанат жайған Отаны — Ежелгі Грекия және Египет. Сол кездердегі алтын әшекейлер — байлық пен биліктің нышаны болды. Алғашында ағаштан, жануарлардың сүйектерінен жасалған сәндік бұйымдар бүгінде алуан түрлі бағалы тастардан жасалып жүр. Ал ұлттық зергерлік бұйымдарымыздың танымал болуы әйелдердің зергерлік бұйымдарға деген сүйіспеншілігімен ғана емес, белгілі бір мағыналық жүкті көтеретін ұлттық салт-дәстүрлермен, сондай-ақ қасиетті, сиқырлы, қорғаныштық қызметтерімен байланысты. Қазақ зергерлері ежелден-ақ уақыттың да, сәннің де ықпалына түспейтін көлемді де салтанатты туындыларымен әйгілі. Сондықтан қазақ әйелдері туғаннан жасы келгенше зергерлік бұйымдарды әрдайым тағып жүрген. Нақтырақ айтсақ, тұрмысқа шықты ма, жоқ па, жасы нешеде, қайдан шыққан, бай ма кедей ме, соған қарамастан қолданып келген.
Егер таныс зергерлеріңіз болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!
☑️ Бүгін “Жүректі өнермен шабыттандыру күні” аталып өтеді. Археологтар ашқан адам өнерінің алғашқы жәдігерлері тас дәуіріне жатады. Уақыт өте өнердің кескіндеме, музыка, театр, мүсін, би, поэзия, фотосурет сияқты түрлері дамыды. Өнер адамға өз қиялын және шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл да тілдік кедергіні жеңетін қарым-қатынас түрі. Өнер рекреациялық терапия, хабардарлықты арттыру және эмоциялардың барлық түрлерін ояту сияқты әртүрлі аспектілерде маңызды рөл атқарады.
Сізге өнердің қай түрі ұнайды?
☑️ Бүгін әлемде ең танымал сусынға 130 жыл толды. 1893 жылы 31 қаңтарда американдық кәсіпкер — Аса Кандлер Coca-Cola сауда белгісін тіркеді. Бұл сусынның тарихы 1886 жылдан басталады. Бұл кезде фармацевт Джон Стит Пембертон жаңа ауруды басатын дәрі табуға тырысқан. Қант шәрбаты мен кофеинді ішіп, оған кока қайнатпасын қосып, жүйке жүйе бұзылыстарын емдеу үшін дәріханада сатылатын ынталандыратын қоңыр тәтті сусын алды. Сусынның аты мен логотипін оның досы ойлап тапты. Пембертон қайтыс болғанда, оның жесірі Кэндлерге сусынның рецептін сатты, алайда бұл — әлі де үлкен құпия.
Сізге қай сусын ұнайды? Coca-Cola немесе Pepsi?
☑️31 қаңтар дүниеге келген танымал адамдар. 124 жыл бұрын қазақ театр және кино актері — Елубай Өмірзақов (1899-1974) дүниеге келді. Қазақ киносы мен театр өнерінің тарихы мен қалыптасуы осы кісінің есімімен тікелей байланысты. Ол 1938 жылы қазақтың алғашқы «Амангелді» көркем фильмінде басты рөлді сомдады. М. Әуезовтың 150-ден астам театр рөлдерін сомдаған. Елубай Өмірзақовтың құрметіне Қостанай филармониясы аталды.
Сонымен қатар 112 жыл бұрын әйгілі Болгар көріпкелі — Ванга (1911-1996) дүниеге келді. Көріпкел Иосиф Сталиннің, Индира Гандидің және Диана ханшайымның өлімін, сондай-ақ 2001 жылы 11 қыркүйектегі Террористік актіде егіз мұнаралардың құлауын болжады. Оның болжауынша, 2023 жылы елдердің бірі биологиялық қаруды сынай бастайды. Бұл халық санына әсер етеді.
Ал сіз болжамдарға сенесіз бе?