👏🏻31 қаңтар — Халықаралық зергерлер күні. Мереке осы сала мамандарына байланысты таңдалды. Себебі қаңтар айында олар өз таңбасын тіркейді. Қазақ зергерлері ежелден-ақ уақыт пен сәнге қарамастан ауқымды салтанатты туындыларды жасап келді. Байқап қарасаңыздар, зергерлік бұйымдарымыздың танымалдығы әйелдердің ғана сүйіспеншілігімен емес, сонымен қатар белгілі бір мағынаға ие ұлттық әдет-ғұрыппен, қасиетті, сиқырлы, қорғаныш функцияларымен байланысты. Сондықтан қазақ әйелдері туғаннан өмірден өткенге дейін иесі туралы хабардар беретін әшекейлердің бір немесе бірнеше түрін тағып жүрген. Мәселен, күйеуге шыққанын немесе шықпағанын, жасы мен туған жерін, отбасының әл-ауқатын бұйымдарына қарап білетін болған.
Назарларыңызға қызықты ролик ұсынамыз: https://youtube.com/shorts/kAUnQmkhHzk?si=0psVuXiClvEdrVVy
💡31 қаңтар “Жүректі өнермен шабыттандыру» күні аталып өтеді. Археологтар адам өнерінің алғашқы жәдігерлерін тас дәуірінде ашты. Уақыт өте келе бұл кескіндеме, музыка, театр, мүсін, би, поэзия және сурет сияқты әртүрлі өнер түрімен жалғасын тапты. Өнер адамға қиялы мен шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол — тілдік кедергіні бұзатын қарым-қатынас түрі.
🔥Бүгін әлемге танымал Coca-Cola сусыны 131 жылдығын атап өтеді. 1893 жылы 31 қаңтарда америкалық кәсіпкер Аза Кендлер аталмыш сусынның сауда маркасын тіркеді. Оның тарихы 1886 жылы фармацевт Пембертон ауырсынуды басатын жаңа құрал табуға тырысқан кезде бастау алды. Нақтырақ айтсақ, қант шәрбаты мен кофеинді алып, оған кока қайнатпасын қосатын. Осылайша бұл дәріханада жүйке жүйенің бұзылуына қарсы дәрі ретінде сатылды. Сусынның атауы мен логотипін оның досы ойлап тапқан. Пембертон қайтыс болған кезінде оның жесір қалған әйелі сусын мәзірін Кендлерге сатады. Содан бері оның мәзірі әлі күнге дейін үлкен құпия.
Сізге қай сусын ұнайды: Coca-Cola немесе Pepsi?
👥31 қаңтар дүниеге келген танымал адамдар. 125 жыл бұрын қазақ театр және кино актері Елубай Өмірзақов (1899-1974) дүниеге келді. Оның есімімен қазақ киносы мен театр өнерінің тарихы байланысты. Өнер иесі 1938 жылы қазақтың алғашқы «Амангелді» көркем фильмінде басты рөлді сомдады. Сонымен бірге М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының сахнасында 150-ден астам қойылымда ойнады. Өмірзақовтың құрметіне Қостанай филармониясына оның есімі берілді. Сондай — ақ 113 жыл бұрын әйгілі болгар көріпкелі Ванга (1911-1996) дүниеге келді. Көріпкел Иосиф Сталиннің, Индира Гандидің және Диана ханшайымның өлімін, қала берді 2001 жылы 11 қыркүйектегі террористік актіде егіз мұнараның құлауын алдын ала болжады. Ал 2024 жылға ол жеті түрлі болжам жасады. Атап айтатын болсақ, Владимир Путинге жасалатын қастандық, террористік және биологиялық шабуылдар, ауқымды экономикалық дағдарыс, ауа райына байланысты апат, кибершабуылдардың көбеюі, медицинадағы және технологиялық серпіліс болатынын атап өткен болатын.
Ал сіз болжамдарға сенесіз бе?