👏31 қаңтар — Халықаралық зергерлер күні. Бұл мерекенің қаңтарда белгіленуі бекер емес. Себебі дәл осы айда зергерлер өз таңбаларын ресми түрде тіркейді. Қазақ зергерлері ертеден-ақ салмақты әрі сән-салтанаты келіскен әшекей бұйымдар жасады. Уақыт пен сән ағымы өзгергенімен, олардың қолынан шыққан жауһарлар өз мәнін жоғалтқан емес. Қазақ әйелдерінің зергерлік бұйымдарға деген сүйіспеншілігі тек әдемілікке құмарлығымен шектелмейді. Әшекейлер – ұлттық дәстүр мен салт-сананың ажырамас бөлігі, олардың әрқайсысы өзіндік мән-мағынаға, тіпті тылсым, қорғаныс күшіне ие. Сондықтан қазақ әйелдері дүние есігін ашқан сәттен бастап өмірінің соңына дейін түрлі әшекей тағып келді. Бұл әшекейлер олардың жасын, отбасылық жағдайын, шыққан тегін, тұрмыс деңгейін айқындап қана қоймай, иесінің өмірінен сыр шертіп тұрғандай әсер қалдыратын.
Назарларыңызға қызықты ролик ұсынамыз: https://youtube.com/shorts/kAUnQmkhHzk?si=0psVuXiClvEdrVVy
✍️31 қаңтарда “Жүректі өнермен шабыттандыру» күні аталып өтеді. Археологтар адам өнерінің алғашқы жәдігерлерін тас дәуірінде ашты. Уақыт өте келе бұл кескіндеме, музыка, театр, мүсін, би, поэзия және сурет сияқты әртүрлі өнер түрімен жалғасын тапты. Өнер — адамның қиялы мен шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол — тілдік кедергіні бұзатын қарым-қатынас түрі.
👀Бүгін әлемдегі ең танымал сусындардың бірі – Coca-Cola-ның ресми тіркелгеніне 132 жыл толды. 1893 жылы 31 қаңтарда америкалық кәсіпкер Аза Кендлер аталмыш сусынның сауда маркасын ресми тіркеді. Оның тарихы 1886 жылы фармацевт Пембертон ауырсынуды басатын жаңа құрал табуға тырысқан кезде бастау алды. Ол қант шәрбаты мен кофеинді араластырып, араластырып, оған коки жапырақтарының қайнатпасын қосады. Осылайша сергітетін тәтті сусын пайда болып, бастапқыда бұл жүйке жүйенің бұзылуына қарсы дәрілік құрал ретінде дәріханаларда сатылды.
Сусынның атауы мен логотипін оның досы ойлап тапқан. Пембертон қайтыс болғаннан кейін оның жесір қалған әйелі сусын мәзірін Кендлерге сатып жібереді. Содан бері оның мәзірі әлі күнге дейін үлкен құпия болып келеді.
Сізге қай сусын ұнайды: Coca-Cola немесе Pepsi?
👥31 қаңтарда дүниеге келген танымал адамдар. 126 жыл бұрын қазақ театры және кино актері Елубай Өмірзақов (1899-1974) дүниеге келді. Оның есімі аталған қос саламен тікелей байланысты. Өнер иесі 1938 жылы қазақтың алғашқы «Амангелді» көркем фильмінде басты рөлді сомдап, М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының сахнасында 150-ден астам қойылымда ойнады. Өмірзақовтың құрметіне орай Қостанай филармониясына оның есімі берілді. Сондай-ақ 114 жыл бұрын әйгілі болгар көріпкелі Ванга (1911-1996) дүниеге келді. Ол Иосиф Сталин, Индира Ганди мен ханшайым Диананың өлімін, сондай-ақ 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылдарды алдын ала болжаған. Ванга 2025 жылы Еуропадағы қақтығыстардың құрлықты әлсірететінін және бұл ақырзаманға әкелуі мүмкін екенін айтқан.
Ал сіз жорамалдарға сенесіз бе?