«Үйде жатпа» күнтізбесі. 31 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 31 октября, 2023


💪Бүгін — Дүниежүзілік қалалар күні. Мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда әлем халқының жартысынан көбі қалада тұрады. Ал 2050 жылға қарай халықтың 68% — ы қала тұрғындары болмақ. Күн сайын әлем қалалары 180 мыңға жуық адаммен толығып жатыр. Өкінішке қарай, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламалар әзірленіп жатқанымен кедейлік әлі күнге дейін сақталып, қаржылай теңсіздік өсуде және экология нашарлауда. Бұл күн дүниежүзіндегі қалалардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін осы мәселелерді шешуді көздейді. 

 

Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы ең үздік қала қайсы?

👏31 қазан халықаралық үнемдеу күні аталып өтеді. Бүгінгі таңда көптеген адамның басты мақсаты — денсаулық пен отбасыға зиян келтіретін материалдық мәртебеге ұмтылуы. Мәселен, әлеуметтік желіде мақтанышпен көрсету үшін қымбат киімдер сатып алады. Қала берді оқу мен жұмыстағы жетістіктердің құнсыздануы байқалады. Бұл күн адамдарды ақшаны ақылмен жұмсап, уақыт, энергия секілді ресурстарды үнемдеуге шақырады. Үнемшілдік қасиет кез келген жағдайда қажет болғандықтан, бұл күнді атап өтуді әдетке айналдырғанның артықтығы жоқ.

 

Сіз де өз қаражатыңызды дұрыс басқарып, артық заттарды несиеге алмауға тырысыңыз!

💥31 қазан күні әлемнің көптеген елінде мистикаға толы Хэллоуин мерекесі тойланады. Аталмыш мереке шамамен екі мың жыл бұрын пайда болды. Ал Еуропада бұл түн қыс мезгіліне көшуді білдіреді. Бұл күні өмірден өткен жандардың рухы бұрынғы үйлеріне жылыну үшін барып, тамақ пен сусын түрінде қайырымдылық сұрайды деп есептелді. Олармен бірге жындар мен бақсылар сынды басқа да күштер келеді. Ал олардың олжасына айналмас үшін, адамдар үйлеріндегі ошақтарын сөндіріп, зұлым рухтарды қорқытуға тырысады. Сәйкесінше, түрлі жануар кейіпінде қорқынышты костюмдерін киіп, далаға шығады. Мерекенің басты символы — асқабақтан жасалған Джек-Фонарь.

Сіз және айналаңыздағы таныстарыңыз Хэллоуинді тойлап жатыр ма?

👏31 қазан — танымал екі адам өмірге келді. Бүгін Жаңа Зеландия кинорежиссері, сценарист, актер және продюсер Питер Джексон 63 жасқа толды. Өнер иесі Толкиннің кітаптар желісі бойынша түсірілген “Властелин колец” және “Хоббит» эпикалық кинотрилогияларымен танымал болды.  Ол “Оскар» сыйлығымен үш мәрте марапатталды. Қазіргі таңда ол тек деректі фильмдер түсірумен айналысады. Сондай — ақ бүгін қазақстандық шахматшы, 14, 17, 18 және 20 жасқа дейінгі төрт дүркін әлем чемпионы Динара Сәдуақасова 27 жасын атап өтеді. Халықаралық гроссмейстер 10 жасынан бастап шахмат ойнай бастады. Қала берді музыкаға, көркем гимнастикаға, жүзуге қызығушылық танытып, тілдерді жетік меңгерді. Көптеген кәсіби және мемлекеттік марапаттардың иегерінің құрметіне орай турнирлер ұйымдастырылады. 

 

Динараның жеке және кәсіби өміріне жеңіс пен бақыт тілейміз!