«Үйде жатпа» күнтізбесі. 31 қазан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 31 октября, 2024


👏Бүгін — Дүниежүзілік қалалар күні. Мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда әлем халқының жартысынан көбі қалада тұрады. Ал 2050 жылға қарай халықтың 68%-ы қала тұрғыны болмақ. Күн сайын әлем қалалары 180 мыңға жуық адаммен толығып жатыр. Өкінішке қарай, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу және енгізу бойынша жұмыстар жүргізілгенімен, бүгінде кедейлік сақталып, табыс теңсіздігі артып, экология нашарлап келеді.

 

Қазақстандағы ең үздік қала қайсы?

 

 

💪31 қазанда халықаралық үнемдеу күні аталып өтеді. Бүгінгі таңда көптеген адамның басты мақсаты — денсаулық пен отбасыға зиян келтіретін материалдық мәртебеге ұмтылуы. Мәселен, әлеуметтік желіде көпке көрсету үшін қымбат киімдер сатып алады. Оқудағы және жұмыстағы жетістіктердің құнсыздануы байқалады. Бұл күн адамдарды ақшаны ақылмен жұмсауға, сондай-ақ уақыт пен энергия сынды ресурстарды үнемдеуге шақырады.

 

Сіз де өз қаражатыңызды дұрыс басқарып, артық заттарды несиеге алмауға тырысыңыз!

 

 

👋31 қазан күні әлемнің көптеген елінде мистикаға толы Хэллоуин мерекесі тойланады. Аталмыш мереке шамамен екі мың жыл бұрын пайда болды. Еуропада бұл түн қыс мезігілінің басталуын білдіреді. Бұл күні өмірден өткен жандардың рухы бұрынғы үйлеріне жылыну үшін барып, тамақ пен сусын түрінде қайырымдылық сұрайды деп есептелген. Ал олардың жанында жындар мен мыстандар сынды басқа да қараңғы күштер болады-мыс. Олардың құрбаны болмас үшін, адамдар үйлеріндегі ошақтарын сөндіріп, зұлым рухтарды қорқытуға тырысады.

Сіз және айналаңыздағы таныстарыңыз Хэллоуинді тойлап жатыр ма?

 

👥31 қазан — танымал екі адамның туған күні. Бүгін Жаңа Зеландия кинорежиссері, сценарист, актер және продюсер Питер Джексон 63 жасқа толды. Өнер иесі Толкиннің кітаптар желісі бойынша түсірілген “Властелин колец” және “Хоббит» эпикалық кинотрилогияларымен танымал болып, “Оскар» сыйлығын үш мәрте иеленді. Сондай — ақ бүгін қазақстандық шахматшы, 14, 17, 18 және 20 жасқа дейінгі қыздар арасында төрт дүркін әлем чемпионы атанған Динара Сәдуақасова 28 жасын атап өтеді. Халықаралық гроссмейстер 10 жасынан бастап шахмат ойнай бастады.

 

Динараның жеке және кәсіби өміріне жеңіс пен бақыт тілейміз!