«Үйде жатпа» күнтізбесі. 31 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 01 июня, 2024


👀1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мереке Қазақстанның әр қаласында ерекше аталып өтеді. Мәселен, таңнан кешке дейін ұйымдастырылатын ойын-сауық пен түрлі іс-шараны тек балалар ғана емес, ересектер де тамашалайды. Сонымен қатар мереке күні балалардың алғашқы демалыс күні де тұспа-тұс келіп тұр.  Аталмыш күн дәстүрлі “Өмір сүру құқығын қорғаймыз” ұранымен өтуде. Оның мақсаты – балалардың көңілін көтеру ғана емес, сондай-ақ құқықтары мен мүдделерін қорғауға назар аудару. 

 

 

👨‍👩‍👧‍👦Бүгін — Дүниежүзілік ата-аналар күні. Балаларда тәрбие мен қауіпсіздік отбасы ошағынан бастау алады. Ата-ана – балаға жауапты адам. Сондықтан оның қандай ортада қалыптасатыны ата-анаға тікелей байланысты. Мұнда баланың тұлға болып қалыптасуы үшін махаббат, қамқорлық, қолдау және бақыт аурасын сезінуі маңызды. Мереке осы отбасылық құндылықтарды тәрбиелеуге арналған.

 

Ата-анаңызды мерекемен құттықтауды ұмытпаңыз!

💪Бүгін фантастика әуесқойлары Суперменнің туған күнін атап өтеді. 1938 жылы 1 маусымда жазушы Джерри Сигель мен суретші Джо Шустер Криптон планетасының кейіпкері туралы алғашқы комиксті шығарды. Суперменнің ата-анасы оны Кларк Кент деп ресми түрде атағандай, қатаң моральдық принциптерді ұстанады. Сол себепті ол өзіне жауапкершілік алып, нақты әрекетімен ерекшеленеді. Осы тұста оның жанкүйерлері де көп. Суперменге деген сүйіспеншілік пен құрметтің арқасында балалар мерекелерде карнавалдық костюмдер киіп, кейіпкердің маскасын тағады. Ал ал ата-аналары оларға сүйікті кейіпкерінің бейнесі бар ойыншықтар мен басқа да бұйымдарды сатып алады.

 

Сізге супер қаһармандардың қайсысы ұнайды?

👥1 маусым — атақты екі адамның туған күні. Бүгін америкалық актер және режиссер Морган Фриман 87 жасқа толды. Ол “Оскар”, “Күміс аю” және екі мәрте “Алтын глобус” сыйлығының иегері. Мансап жолында 90-ға жуық фильмде басты рөлді сомдады. Сондай-ақ өнер иесі өзінің сабырлы терең дауысымен әрі әңгіме айту шеберлігімен танымал. Сонымен қатар бүгін қазақстандық әнші әрі продюсер Алмас Кішкенбаев 39 жасқа толды. Ол көптеген қазақстандық және халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаты және қатысушысы. Әнші Superstar KZ бірінші маусымында жеңіске жетіп, дүйім жұртқа танылды.

Сізге Алмастың қай әні ұнайды?