«Үйде жатпа» күнтізбесі. 31 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 31 Шілде, 2023


👀31 шілдеде Дүниежүзілік рейнджер күні аталып өтеді. Бұл әскери адамдардың емес, атап айтқанда саябақ күзетшілерінің немесе жануарлар мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың кәсіби мерекесі.  Қазақстанда бұл мамандар – табиғатты қорғау аймақтарын, жабайы жануарларды және олардың тіршілік ету ортасын браконьерлерден және адам қызметіне байланысты басқа да қол сұғушылықтардан сақтаумен айналысатын қорықшылар. Көбіне жаңалықтардан аңшыларға шабуыл жасаушылардың көп екенін жиі естіп жатамыз. Сондықтан бұл – қауіпті мамандықтардың бірі.

 

Егер таныстарыңыздың арасында аңшылар болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

💃31 шілде – Африка әйелдерінің халықаралық күні. Ұзақ жылға созылған құлдық пен қуғын-сүргіннен кейін африкалық әйелдер қоғамда өзекті орнын ала бастады. Осылайша қазіргі таңда олар саясатпен айналысып, әлемді жақсы жаққа өзгертуге барын салып жатыр. Африка құрлығының нәзік жыныстыларының  ең танымал өкілдері Ежелгі Египетте өмір сүрген. Олар – Клеопатра мен Нефертити. 

 

Қазақстан әйелдері үшін де жеке мереке қажет деп ойлайсыз ба?

🎓1980 жылы 31 шілдеде Хәрри Поттер дүниеге келді. Бұл күнді әкесі Джеймс Поттердің атымен аталған жас сиқыршы туралы эпопеяның авторы Дж.К.Роулинг таңдаған. Әлемде Хәрри мен оның достарының шытырман оқиғалары туралы кітап 500 миллион данамен сатылды. Осылайша туынды барлық уақыттағы ең көп сатылған кітапқа айналды. Ал 10 фильмі әлемдік прокатта 9,18 миллиард доллар жинады. Айтпақшы, Дж.К.Роулингтің туған күні де 31 шілдеде. Ол өз әңгімелерінен 1 миллиард долларға жуық ақша тауып, әлемдегі ең жоғары жалақы алатын жазушы атанды.

 

Сіздің сүйікті Хәрри Поттер фильмінің қай бөлімі ұнайды?

👥31 шілде танымал екі актердің туған күні. 109 жыл бұрын француз актері, режиссері және жазушысы Луи де Фюнес (1914-1983) дүниеге келді. Луи – әлемдік кинодағы ең ұлы комедия кейіпкерлерінің бірі. Өнер иесі “Жандармы” және “Фантомас”фильмдерімен танымал. Сондай-ақ бүгін американдық актер Уэсли Спайнс 61 жасын атап өтеді. Ол «Блэйд» вампирлері туралы кинотрилогияда басты рөлді сомдаған. Одан басқа 50-ден астам фильмге түскен. Актер АҚШ-тың түрлі-түсті халықты ілгерілету жөніндегі ұлттық қауымдастығының Image Awards сыйлығының иегері.

 

Сізге қай актер ұнайды: Луи де Фюнес немесе Уэсли Спайнс?