«Үйде жатпа» күнтізбесі. 31 жклтоқсан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 31 Желтоқсан, 2022


☑️ Бүгін – Әлемде бейбітшілік сағат күні аталып өтеді. Мерекенің мақсаты – жылдың соңғы күні 1 сағат болса да жанжал мен кикілжіңдерді тоқтатып, жағдайды бейбіт жолмен шешуге шақырады. Бұл – символдық күн. Сондықтан әлемде орын алып жатқан түрлі жағдайларды ескере отырып, соғыстар мен қақтығыстарға ықпал еткен қиындықтарды ескі жылда қалдырған жөн. Барыс жылы біреумен ренжісіп, жанжалдасып қалған болсаңыз, дәл бүгін татуласу үшін керемет мүмкіндік. 

Қоян жылы әлемде соғыс болмасын!

☑️ Бүгін күлкілі мерекелердің бірі – сәтсіздік күні тойланады. Айта кету керек, 31 желтоқсан тек символдық тұрғыдан ғана осылай белгіленген. Себебі жаңа жыл қарсаңына орай барлығына 1 қаңтарға дейін қандай да бір сәтсіздікті бастан кешіруге мүмкіндік беріледі. Осылайша, бақытсыз күндеріңізді өткен жылда қалдырып, жаңа жылдың сәттілік пен қуанышқа толы болатынына сенім арту керек.

Сізге де шын жүректен сәттілік тілейміз! 

☑️ 31 желтоқсан – Шешім қабылдау күні. Көп жағдайда адамдар маңызды шешімдерді кейінге қалдырып жатады. Дегенмен жаңа жылда әрбір адамның үлкен әрі сенімді қадам жасауы үшін мүмкіндік берілген. Бірі бұл күні тұрғылықты жерін өзгертіп жатса, енді бірі жұмыс орынын ауыстырады. Тіпті мерекелік үстелде үйленуге ұсыныс та жасайтындар табылады. Сондықтан жылдың соңғы күні ерік-жігерді іске қосып, ойлап жүрген ісіңізді жүзеге асыруға шақырады.

Қоян жылы жұмысыңыз бен жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

☑️31 желтоқсан Ұлыбританияның беделді тұлғаларының туған күні. 

Бүгін актер, режиссер және продюсер, – сэр Энтони Хопкинс 85 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол екі мәрте «Оскар» сыйлығына ие болды. Көпшілікке «Молчание ягнят», «Ганнибал» және «Красный дракон» фильмдеріндегі каннибалды сериялық өлтіруші-доктор – Ганнибал Лектердің бейнесімен танымал. 1987 жылы Хопкинс патшайым Елизавета II-ден Британ империясы орденінің қолбасшысы атағын, ал 1993 жылы «сэр» атағын алды.

Сонымен бірге бүгін шотландиялық футболшы және жаттықтырушы – сэр Алекс Фергюсон 81 жасын атап өтуде. Ол «Манчестер Юнайтедті» 26 жыл басқарып, осы уақыт ішінде рекордтық титулдарды жеңіп алды. 1986 жылдан 2013 жылға дейін 13 рет Англия Премьер-Лигасын және 2 рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. World Soccer журналы оны барлық уақыттағы ең мықты жаттықтырушылар тізімінде бірінші орынға қойды. 1999 жылы Фергюсонға патшайым Елизавета II рыцарь атағын берді.

Британия ақсақалдарына жаңа жылда шығармашылық табыс пен денсаулық тілейміз!