🧠4 ақпан — Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні. Қатерлі ісік – қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, әрбір бесінші адам бұл ауруға шалдығады. Қазақстанда соңғы 20 жылда онкологиялық аурулардың көрсеткіші 25%-ға артқан. Жыл сайын шамамен 30 мың жаңа жағдай тіркелсе, 13 мыңнан астам адам осы дерттен көз жұмады. Қатерлі ісіктің басты себептері: экологияның нашарлауы, зиянды әдеттер, қимыл-қозғалысы аз өмір салты, жасанды өнімдерді тұтыну, ұзаққа созылған стресс. Ендеше барлық оқырманымыздың дені сау, ғұмыры ұзақ болғай!
🥳Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық адамзат бауырластығы күні аталып өтеді. 2019 жылдың 4 ақпанында Әл-Азһардың жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайиб пен Рим Папасы Франциск Әбу-Дабиде “Әлемдік бейбітшілік пен адамзаттың бауырластығы” атты құжатқа қол қойды. Бұл декларация әртүрлі дін өкілі арасындағы диалог пен ынтымақтастықты дамытуға үндейді және террористік әрекеттердің діни негізде ақталуын қатаң айыптайды.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
😋Бүгін “жақсы көңіл күй күні” аталып өтеді. Қыс соңына қарай адамдарда шаршау сезімі байқалып, жағымсыз ойлар маза бермейді. Сондықтан бұл күн — өзіңізге және жақындарыңызға жағымды эмоция сыйлау үшін тамаша мүмкіндік. Бүгін көңілді жүруге тырысыңыз және болашаққа зор сеніммен қараңыз. Себебі жақсы көңіл күй үлкен мүмкіндіктерге жол ашады!
Жазылушыларды осы күнмен шын жүректен құттықтаймыз! Көңіл күйлеріңіз құлазымасын!
👤Бүгін әлемде ерекше әрі қызық мереке – Неандерталь күні аталып өтеді. Осыдан 40 000 жыл бұрын неандертальдар Азия мен Еуропа аумағын мекендеген. Олардың атауы 1856 жылы Германияның Неандерталь шатқалындағы үңгірден табылған ежелгі адам бас сүйегіне байланысты қойылған.
Бұрын неандертальдарды адам эволюциясындағы “маймылдардың адамға айналуындағы аралық буын” деп санайтын. Бірақ бұл қате пікір. Ғалымдар неандертальдардың Homo sapiens-пен ортақ ата-бабасы бар туыстас түр екенін айтады. Алайда аталған дерек әлі анықталған жоқ. Неандертальдар адам тегінің тағы бір тармағы болды, алайда олардың эволюциялық дамуы тығырыққа тіреліп, толық жойылуына әкелді.