✍️Бүгін БҰҰ-ның бастамасымен Дүниежүзілік Брайль әліпбиі күні аталып өтеді. Себебі 1809 жылы 4 қаңтарда “зағиптарға арналған әліпби” жасап шығарған француз педагогы Луи Брайль дүниеге келді. Бүгінгі таңда рельефті-нүктелік шрифтің көмегімен әріптер мен сандарды ғана емес, музыкалық, математикалық және ғылыми белгілерді де білуге болады. Мұндай құқықтық теңдікті қамтамасыз ету құралы — мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін үлкен рөл атқарады. Ал Брайль әліпбиі осы бағыттағы ең маңызды өнертабыстың біріне айналды. Дүниежүзінде көзі нашар көретін 285 миллионға жуық адам бар. Олардың 39 миллионы — соқыр. Ал елімізде зағиптар қоғамында көру қабілеті нашар 17 мыңнан астам адам бар.
🖐Бүгін әлемде гравитация немесе Ньютон күні аталып өтеді. Бұл күнді ғалымдар, зерттеушілер, жаратылыстану ғылымдарының студенттері мен магистранттары, ғылыми білім мен эксперименттерді сүйетіндер Исаак Ньютонның туған күніне орай атап өтеді. Себебі XVII ғасырдағы ең ұлы физик, математик әрі білікті астрономдардың бірі ақыл-ойы мен тәжірибесі арқылы бүкіләлемдік тартылыс заңын және классикалық механиканың негізіне айналған үш заңдылықты құрды.
Исаак Ньютон қандай жеміспен байланысты екенін білесіз бе?
👀4 қаңтар — Дүниежүзілік гипноз күні. Бұл күннің басты мақсаты — гипнозға қатысты аңыздар мен мифтерді жоққа шығару. Бұл әдістің жағымсыз репутациясы негізінде гипноздың әсеріндегі адамдардың қалай қылмыс жасайтыны туралы және басқа да қадамдарға итермелейтін іс-әрекеттердің орын алатынын көрсететін фильмдер жарыққа шықты. Ал кәсіби гипнозшылар олардың жасайтын әрекеттері ақыл-ойды толық бақылауға алмайтынын айтады. Гипноз медициналық анестезияның баламасы болып келеді. Сондықтан бүгінде бұл әдіс арнайы медициналық салада кеңінен қолданылады.
Сізге гипноз жасалды ма?
👥4 қаңтар өмірге келген атақты тұлғалар. Бүгін қазақ опера әншісі, оқытушы, Абай атындағы опера және балет театрының солисі Бәйімбет Қожабаев 74 жасқа толды. Өнер иесі 1983-1987 жылдары Польша ансамбльінде солист болып жұмыс істеді. 2001-2003 жылдары Каир консерваториясында операдан сабақ берді. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі — белгілі опера әншісі Гүлдана Сапарғалиеваның жары. Сондай-ақ бүгін француз текті британдық актриса және Эмми сыйлығының иегері Джулия Ормонд 59 жасын атап өтеді. Ол әлемге “Сабрина”, “Первый рыцарь” және “Легенды осени” фильмдерінде сомдаған басты ролімен танымал болды.
Өнер иелеріне зор денсаулық және шығармашылық табыс тілейміз!