«Үйде жатпа» күнтізбесі. 4 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 04 января, 2023


☑️4 қаңтар — БҰҰ бастамасымен Дүниежүзінде Брайль әліпбиі күні аталып өтеді. 1809 жылы дәл осы күні зағиптар үшін рельефті-нүктелік шрифт жасаушы ретінде танымал болған француз тифлопедагогы — Луи Брайль дүниеге келді. Бүгінгі таңда оның көмегімен әріптер мен сандарды ғана емес, музыкалық, математикалық және ғылыми белгілерді де білуге болады. Мұндай құқықтардағы теңдікті қамтамасыз ету мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін үлкен рөл атқарады. Ал Брайль осы бағыттағы ең маңызды өнертабыстар мен құралдардың біріне айналды. Дүние жүзінде 285 миллионға жуық көзі нашар көретін адамдар болса, олардың 39 миллионы соқырлар. Көзі нашар көретін 17 мыңнан астам адам — Қазақ зағиптар қоғамына мүше.

☑️ Бүгін — Дүниежүзілік гравитация күні немесе Ньютон күні аталып өтеді. Бұл күнді ғалымдар, зерттеушілер, жаратылыстану ғылымдарының студенттері мен магистранттары, 

ғылыми білім мен эксперименттерді сүйетіндер Исаак Ньютонның туған күнінде арнайы атап өтеді. Себебі XVII ғасырдағы ең ұлы физик, математик әрі астрономдардың бірі — ақыл-ойы мен тәжірибесі арқылы бүкіләлемдік тартылыс заңын және классикалық механиканың негізіне айналған үш заңдылықты құрды.

 

Исаак Ньютон қандай жеміспен байланысты екенін білесіз бе?

 

☑️Бүгін — Дүниежүзілік гипноз күні тойланады. Аталмыш күн өз мансабын гипноз көмегімен психосоматикалық бұзылыстарды емдеуге арнаған ирландиялық дәрігер — Джек Гибсонның қайтыс болуына орайластырылған. Ал мереке ретінде 2006 жылы енгізілді. Оның негізгі мақсаты — гипнозға қатысты аңыздар мен мифтерді жоққа шығару болды. Бұл техниканың жағымсыз репутациясы негізінде гипноздың әсеріндегі адамдардың қалай қылмыс жасайтынын және басқа да қадамдарға итермелейтін іс-әрекеттердің орын алатынын көрсететін фильмдер де жарыққа шықты. Кәсіби гипнозшылар бірауыздан олардың техникасының «ақыл-ойды толық бақылауға» ешқандай қатысы жоқ деп мәлімдейді. Гипноз медициналық анестезияға балама болып келеді. Бүгінде бұл әдіс арнайы медициналық салада — гипнотерапияда кеңінен қолданылады.

Сізге гипноз жасалған кез болды ма?  

☑️4 қаңтар өмірге келген танымал адамдар. Бүгін Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының қазақ опера әншісі, оқытушысы, солисі — Баймбет Қожабаев 73 жасқа толды. Ол 1983 жылдан 1987 жылға дейін Польшада ансамбльдің солисті болып жұмыс істеді. 2001 жылдан 2003 жылға дейін Каир консерваториясында опера өнерінен сабақ берді. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі белгілі опера әншісі — Гүлдана Сапарғалиеваның күйеуі.  

Сонымен қатар бүгін Француз тектес британдық актриса, “Эмми” сыйлығының лауреаты — Джулия Ормонд 58 жылдығын атап өтеді. Оған «Сабрина», «Первый рыцарь» және «Легенды осени» фильмдеріндегі басты рөлі танымалдылық әкелді.

 

Туған күн иелеріне зор денсаулық әрі шығармашылық табыс тілейміз!