«Үйде жатпа» күнтізбесі. 4 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 04 ноября, 2023


💪Қарашаның бірінші сенбісінде көптеген елде Дүниежүзілік ерлер күні бейресми түрде аталып өтеді. КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев бұл күнді 2000 жылы атап өтуді ұсынды. Оның бастамасын БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар қолдады. Аталмыш күні ерлер қауымына назар ерекше аударылады. Әсіресе, олар әйелдер тарапынан ыстық ықыласты күтеді. Себебі сүйікті адамының қолдауы ерлерді шабыттандырып, үлкен бақытқа бөлейді. 

 

Барлық ер адамды осы мерекемен құттықтаймыз!

🙌1922 жылы 4 қарашада ағылшын египеттанушысы Говард Картер және әуесқой археолог Лорд Карнарвон Египетте орналасқан Перғауын Тутанхамонның қабірін тапты. Тутанхамун — б.з. д. 1347-1337 жылдары билік құрған Египет перғауындарының XVIII әулетінен. Қабірінің ашылуының арқасында ол ең танымал перғауындардың біріне айналып, Ежелгі Египет өркениетінің нағыз айнасы болды. Тутанхамун қабірі Патшалар алқабында орналасқан. Бұл — ғалымдарға бастапқы түрінде жеткен жалғыз дерлік тоналмаған қабір.

 

Мысыр пирамидаларын көргіңіз келе ме?

👀1890 жылы 4 қарашада Лондонда метрополитеннің алғашқы электр желісі ашылды. Алты шақырымдық алғашқы электр желісі Metropolitan Railway, яғни «Метрополитен теміржолы» деп аталды. Бұл ұзын атаудың бес әріпке дейін қысқаруы бәрімізге белгілі «метро» сөзінің пайда болуына әкелді. Метроның алғашқы жолаушысы — Уэльс ханзадасы, Ұлыбританияның болашақ королі Эдвард VII болды.

Метроны жиі пайдаланасыз ба?

 

👥4 қараша өмірге келген танымал адамдар. Бүгін қазақ эстрада әншісі, актер және қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаев 62 жасқа толды. Оның репертуарында 300-ге жуық ән бар. Өнер иесі ерекше шынайылығымен, байсалдылығымен ерекшеленеді. Көптеген композитор алғашқы әндерін Нұрланға ұсынды. Себебі олар осы арқылы шығармашылық өмірінің жылдар бойы сәтті болатынына сенді. Қоғам қайраткері 70-ке жуық әннің алғашқы орындаушысы. Сондай-ақ бүгін американдық актер әрі продюсер Мэттью Макконахи 54 жасын атап өтеді. Мансабының алғашқы жылдарында ол комедия және мелодрамада актері ретінде танылды.  Соңғы 10 жылда Мэттью «Линкольн для адвоката”, “Интерстеллар” және “Джентльмены” фильмдері үшін бірқатар марапатқа ие болып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Осылайша актер үлкен драмалық рөлдерге көшті. 2013 жылы «Далласский клуб покупателей» драмасындағы рөлі үшін бірқатар сыйлықты жеңіп алды. Мәселен, «Алтын глобус», АҚШ киноактерлер гильдиясы және «Оскар» сыйлығын айрықша атап өтуге болады. 

 

Сізге Нұрлан Өнербаевтың қай әні ұнайды?