✍️1939 жылы 4 мамырда Қазақстан композиторлар одағы құрылды. Бастамашылар қазақ музыкасының жеті атақты авторы — Латиф Хамиди, Евгений Брусиловский, Ахмет Жұбанов, Борис Ерзакович, Василий Великанов, Сергей Шабельский және Мұқан Төлебаев болды. Ұйымның негізгі міндеті Қазақстанның ұлттық, классикалық музыкалық өнерін насихаттау және үздік дәстүрлерді дамыту еді. Бүгінде оның мүшелігінде 124 композитор бар. Аталмыш одақтың арқасында “Қыз Жібек”, “Біржан – Сара”, “Алпамыс”, “Абылай хан” операсы, “Әлия” балеті және басқа да туындылар дүниеге келді.
Егер таныстарыңыздың арасында композиторлар болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!
🕺Мамырдың бірінші сенбісінде салауатты өмір салтын ұстанатындар “Пилатес” күнін атап өтеді. Бұл халықаралық мереке жаттығуды пластикалық биге айналдыратын йога негізіндегі жаттығулармен ерекше спорттық техниканың әуесқойларын біріктіреді. Бұл дене-бітіміңізді қалпына келтіруге, ішкі ағза жұмысын жақсартуға көмектесе отырып, күш пен икемділікті, қала берді тепе-теңдікті дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Джулия Робертс, Вера Брежнева, Гвинет Пэлтроу, Кэмерон Диас, Ким Кардашьян және басқа да көптеген атақты адамдар пилатеспен белсенді түрде айналысады.
Сіз қандай дене жаттығуларын жасайсыз?
👤4 мамырда фантастика әуесқойлары “Жұлдыздар соғысы” күнін атап өтеді. Оның негізін Джордж Лукас қалады. Ал бастамашылары осы тамаша жұмыстың жанкүйері болды. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. “Күш әрдайым сізбен бірге болсын” (ағылшын тілінде — “May the Force be with you”) фильміндегі ең сүйікті дәйексөздердің бірі “Мау 4th be with you” (4 мамырда сіздермен бірге боламыз) болып қайта өңделді).
Сізге “Жұлдыздар соғысының” қай кейіпкері ұнайды?
👥4 мамыр — әйгілі екі әйелдің туған күні. 95 жыл бұрын британдық актриса, модель, биші және гуманитарлық қызмет қайраткері Одри Хепбёрн (1929-1993) дүниеге келді. Өнер иесі киноиндустрия саласында сән эталонына айналып, америкалық кинематографияда ең ұлы актрисалар тізімінде үшінші орынға ие болды. “Оскар” және басқа да беделді марапаттардың иегері. Бүгін қазақстандық скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Монте-Карло халықаралық фестивалінің “Бірінші скрипка” дипломының лауреаты, Нью-Йорктегі джаз қауымдастығының мүшесі Жәмилә Серкебаева 54 жасқа толды. Ол этникалық және фольклорлық музыканы, классикалық, джаз, рок, кантри және попты шебер орындайды.
Сіз қазақ скрипкашыларының арасынан қайсын танисыз?