🌝1939 жылы 4 мамырда Қазақстан Композиторлар одағы құрылды. Оның бастамашылары қазақ музыкасының жеті атақты авторы — Латиф Хамиди, Евгений Брусиловский, Ахмет Жұбанов, Борис Ерзакович, Василий Великанов, Сергей Шабельский және Мұқан Төлебаев болды. Ұйымның негізгі міндеті Қазақстанның ұлттық, классикалық музыкалық өнерін насихаттау және үздік дәстүрлерді дамыту еді. Бүгінде оның мүшелігінде 124 композитор бар. Аталмыш одақтың арқасында “Қыз Жібек”, “Біржан – Сара”, “Алпамыс”, “Абылай хан” операсы, “Әлия” балеті және басқа да туындылар дүниеге келді.
Егер таныстарыңыздың арасында композиторлар болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!
🔥4 мамыр — Халықаралық өрт сөндірушілер күні. Бұл — ең қауіпті әрі ең абыройлы мамандықтардың бірі. Әр күн сайын мыңдаған адам өз өмірін қатерге тігіп, өзгені құтқаруға күш салады. Олардың ерен еңбегі лайық бағаланып, құрметке ие болуы тиіс. Қазақстанда өрт сөндірушілер өз кәсіби мерекесін 17 сәуірде атап өтеді. Әрине, бұл еңбектің ескерусіз қалмағаны жөн. Дегенмен бұл игі мамандық иелерін Халықаралық мерекесімен тағы да құттықтауға болады!
✨4 мамырда фантастика жанрының әуесқойлары “Жұлдыздар соғысы” күнін атап өтеді. Оның негізін Джордж Лукас қалады. Мереке алғаш рет осы кинотуындыны жан-тәнімен сүйетін көрерменнің бастамасымен пайда болды. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. Фильмдегі атақты тіркес — “May the Force be with you” (“Күш сенен таймасын”) — “May the 4th be with you” (“4 мамыр күні күш сізбен болсын”) деген сөз ойынына ұласқан.
Сізге “Жұлдыздар соғысының” қай кейіпкері ұнайды?
👥4 мамыр — әйгілі екі әйелдің туған күні. 96 жыл бұрын британдық актриса, модель, биші және гуманитарлық қызмет қайраткері Одри Хепбёрн (1929-1993) дүниеге келді. Өнер иесі киноиндустрия саласында сән эталонына айналып, америкалық кинематографияда ең ұлы актрисалар тізімінде үшінші орынға ие болды. “Оскар” және басқа да беделді марапаттардың иегері. Сондай-ақ бүгін қазақстандық скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Монте-Карло халықаралық фестивалінің “Бірінші скрипка” дипломының лауреаты, Нью-Йорктегі джаз қауымдастығының мүшесі Жәмилә Серкебаева 55 жасқа толды. Ол этникалық және фольклорлық музыканы, классикалық, джаз, рок, кантри және попты шебер орындайды. Әлемге танымал көптеген өнерпазбен дуэт құрған. Франция, Америка, Бельгия, Ресей, Сингапур және басқа да елдерде гастрольдік сапармен өнер көрсеткен.
Сіз қазақ скрипкашыларының арасынан кімді танисыз?