«Үйде жатпа» күнтізбесі. 4 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 04 Маусым, 2024


🔥Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылы 4 маусымда Елтаңба, Ту және Әнұран ресми түрде бекітілді. Отандастарымыз Қазақстанның рәміздері арқылы әлемдік жарыстар мен олимпиада ойындарында жеңіске жетіп, мыңдаған рет биікке көтерді. Тіпті оны ғарышқа апарып, тау шыңдарына дейін алып шықты. 1943 жылы 4 маусымда күтпеген жерден 50 жыл бойы шырқалып келе жатқан Қазақстанның тұңғыш Әнұранын жазуға байқау жарияланған болатын.

Туымыздың, Елтаңбамыздың, Әнұранымыздың авторлары кім екенін білесіз бе?

👀Бүгін – агрессия құрбаны болған бейкүнә балалар күні. 1982 жылы 4 маусымда Израиль ұшақтары Бейрутке алғашқы әуе шабуылын жасады. Осылайша палестиналық және ливандық балалар жазықсыз ажал құшты. Бұл әлем жұртшылығын дүрліктірді. Сондықтан БҰҰ аталмыш күнді еске алу мақсатында жыл сайын атап өтуге шешім қабылдады. Соғыс кезінде тек жауынгерлер ғана емес, балалар да физикалық зорлық-зомбылық пен психикалық қысымға ұшырайды.

💪2010 жылдың 4 маусымында ғалымдар Қостанай облысынан Перудағы Наска шөлінің сызбаларымен бәсекеге түсе алатын бірегей геоглифтерді тапты. Олардың ерекшелегі – қазақстандық геоглифтер үйінді қорғандардан құралған және көлемі жағынан айтарлықтай үлкен болып келеді. Ең үлкен нысан – Үштоғай алаңы. Ол Хеопс пирамидасынан 25%-ға үлкен.

Қазақстанның тағы қай аймағында геоглифтер бар?

👥4 маусым өмірге келген танымал әйел адамдар. Бүгін опера дивасы, Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева 65 жасқа толды. Ол Нью-Йорк, Париж, Амстердам, Лиссабон, Мәскеу және басқа қалалардың әйгілі опера театрларында жеке концертін берді. Мансап жолында 3 альбомын жарыққа шығарды. Оның ішінде опера ғана емес, қазақтың халық әндері де бар. Бүгін америкалық актриса, режиссер, продюсер, модель, БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі Анджелина Джоли 49 жасын атап өтеді. 40-тан астам фильмдегі рөлімен танымал болған өнер иесі “Оскар” және үш мәрте “Алтын глобус” сыйлығын иеленді. Forbes журналы оны бірнеше рет Голливудтағы гонорары жоғары актриса деп таныды.

Сізге Анджелина Джолидің қай фильмі ұнайды?