🚗Сәуір айының бірінші бейсенбісі – Халықаралық жол жөндеу күні. Ең көне жолдар біздің дәуірімізге дейін 4 мыңжылдықта Месопотамия мен Англияда пайда болды. Жол жөндеу жұмысы неліктен маңызды? Алдымен бұл қауіпсіз әрі ыңғайлы жол қозғалысы үшін қажет. Биыл Қазақстанда 2,5 мың шақырым жолды жөндеу және салу жоспарланған. Аталмыш мақсатқа 1 триллион теңгеге жуық қаржы бөлінеді.
Қазақстандағы жолдардың сапасына көңіліңіз тола ма?
🐈4 сәуірде дүниежүзілік қаңғыбас жануарлар күні аталып өтеді. Әлемде шамамен 600 миллионға жуық мысық пен ит және басқа да үй жануарлары бар. Бұл күн адамдарды үйсіз-күйсіз қалған жануарлардың қайғылы тағдырына назар аударуға және қараусыз қалған тіршілік иелерінің ауыр жағдайына бей-жай қарамауға шақырады. Оларға көрсетілетін көмек адамгершілік пен имандылық тұрғысынан саналы адамның маңызды белгісі екенін есте ұстаған жөн.
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
🐇Бүгін тағы бір қызық мереке — Халықаралық сәбіз күні. Бұл күн көкөністің адам ағзасына пайдасы туралы ақпарат таратуға бағытталады. Қызғылт сары, қызыл, сары, АҚ және басқа түстердегі көкөніс тек тамақ дайындауда ғана емес, сонымен қатар халықтық медицинада, косметологияда және диетологияда қолданылады. Сәбіз А,В, С, Е және К дәрумендеріне, микроэлементтерге, флавоноидтар мен эфир майына бай. Сол себепті бұл көкөніске мыңдаған жылдар бойы сұраныс жоғары болып келген.
Сізге қай көкөніс ұнайды: сәбіз немесе қызылша?
🎉4 сәуір — қазақтың үш чемпионының туған күні. Бүгін боксшы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Василий Жиров 50 жас мерейтойын атап өтеді. 1999 жылы ол бірнеше рет қорғаған IBF әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Танымал USA Today басылымы Василийді 2001 жылдың барлық салмақ дәрежесі бойынша ең үздік кәсіпқой боксшысы деп атады. 44 жыл бұрын бокстан 2000 жылғы Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов (1980-2000) дүниеге келді. Ол 2000 жылы 31 желтоқсанда жол апатына ұшырап, қыршынынан қиылды. 2020 жылы чемпионды еске алу мақсатында “Бекзат” фильмі түсірілді. Сонымен қатар бүгін жүзуден 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 29 жасқа толды. Ол аталмыш спорт түрінен Олимпиада алтынын иеленген тұңғыш қазақстандық атанды. 2017 жылы “Халық сүйіктісі” сыйлығы аясында Қазақстандағы жылдың спортшысы деп танылды.
Барлық спортшымызға тек жеңіс тілейміз! Жақсы жаңалықтарымен қуанта берсін!