«Үйде жатпа» күнтізбесі. 4 сәуір: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 04 апреля, 2025


📱Бүгін – Халықаралық интернет күні. Бұл күн VII ғасырда өмір сүрген, алғаш рет “Этимология” энциклопедиясын жасаған және студенттердің қамқоршысы саналатын Севильялық Исидордың қайтыс болған күнімен байланысты. Католик шіркеуі оны интернеттің қамқоршысы етіп таңдаған, себебі интернет әлемі – адамзаттың практикалық және теориялық білімінің кең қазынас. Бүгін сондай-ақ веб-мастерлер мен интернет-әзірлеушілердің кәсіби мерекесі аталып өтеді. 4.04. күнінің цифрлары 404 қателігін (“Бет табылмады”) еске түсіреді, бұл олардың жұмысына тікелей қатысты.

Егер таныстарыңыз арасында веб-мастерлер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!

🐾4 сәуірде дүниежүзілік қаңғыбас жануарлар күні аталып өтеді. Әлемде шамамен 600 миллионға жуық мысық пен ит және басқа да үй жануарлары бар. Бұл күн адамдарды үйсіз-күйсіз қалған жануарлардың қайғылы тағдырына назар аударуға және қараусыз қалған тіршілік иелерінің ауыр жағдайына бей-жай қарамауға шақырады. Оларға көрсетілетін көмек адамгершілік пен имандылық тұрғысынан саналы адамның маңызды белгісі екенін есте ұстаған жөн.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? 

🐇Бүгін тағы бір қызық мереке — Халықаралық сәбіз күні. Бұл күн көкөністің адам ағзасына пайдасы туралы ақпарат таратуға бағытталады. Қызғылт сары, қызыл, сары, ақ және басқа түстердегі көкөніс тек тамақ дайындауда ғана емес, сонымен қатар халықтық медицинада, косметологияда және диетологияда қолданылады. Сәбіз А,В, С, Е және К дәрумендеріне, микроэлементтерге, флавоноидтар мен эфир майына бай. Сол себепті бұл көкөніске мыңдаған жыл бойы сұраныс жоғары болып келген.

Сізге қай көкөніс ұнайды: сәбіз немесе қызылша?

 

🫂4 сәуір — қазақтың үш чемпионының туған күні. Бүгін боксшы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Василий Жиров 51 жасын атап өтеді. 1999 жылы ол бірнеше рет қорғаған IBF әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Танымал USA Today басылымы Василийді 2001 жылдың барлық салмақ дәрежесі бойынша ең үздік кәсіпқой боксшысы деп атады. 45 жыл бұрын бокстан 2000 жылғы Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов (1980-2000) дүниеге келді. Ол 2000 жылы 31 желтоқсанда жол апатына ұшырап, қыршынынан қиылды. 2020 жылы чемпионды еске алу мақсатында “Бекзат” фильмі түсірілді. Сонымен қатар бүгін жүзуден 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 30 жасқа толды. Ол аталған спорт түрінен Олимпиада алтынын иеленген тұңғыш қазақстандық атанды. 2017 жылы “Халық сүйіктісі” сыйлығы аясында Қазақстандағы жылдың спортшысы деп танылды.

Барлық спортшымызға тек жеңіс  тілейміз!  Жақсы жаңалықтарымен қуанта берсін!