«Үйде жатпа» күнтізбесі. 5 шілде: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 05 июля, 2023


👩‍💻5 шілде — Жұмысқа берілген адамдар күні. Бұл адамдар мансапты достықтан, отбасылық мүддеден және жақындарынан жоғары қояды. Олар қарапайым болып көрінетін, бірақ ерекше қуанышқа бөлейтін сезімдерге мән бермейді. Мысалы, ата-анамен кездесу, балалармен ойын, серуен, туған күн сияқты маңызды оқиғаларға салғырт қарап, уақытының көп бөлігін жұмыста өткізеді. Еңбекке деген тәуелділік өзгемен қарым-қатынас құруға кедергі келтіріп, жеке өмірге кедергісін келтіреді. Сонымен қатар жалғыздыққа душар болып, жүйке жүйе ауруына тап болады. Жұмысқұмар жандар өмірін бір бағытқа қана байламай, көптеген мағынаға толтыруға тырысу керек. 

Жұмысқұмар жандарды білсеңіз, оларды осы күнмен құттықтап, тек жұмыспен шектелмеуге көмектесіңіз.

1961 жылы 5 шілдеде Маңғыстау мұнайының ашылған күні болып саналатын Жетібай ірі мұнай-газконденсат кен орны ашылды. Жетібай Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі дамуының жаңа парағын ашып қана қойған жоқ. Сонымен бірге мұнайдың негізгі көзіне айналды. 60 жыл ішінде мұнда мұнайшылардың бірнеше буыны кәсіби біліктігін шыңдап, көпшілігі еліміздің басқа өңірлерінің дамуына атсалысып, көрнекті мамандар мен басшылар атанып үлгерді. 2016 жылы кен орнында Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібін ашушылардың мұражайы ашылды.

 

Жетібайда жұмыс істейтін достарыңыз болса, мерекемен құттықтап қойыңыз! 

⭐️1717 жылы 5 шілде масондық ұйымдарды біріктіретін Англияның ұлы ложасы құрылды. Қазір масондық ұстаным бүкіл әлемге таралған.  Олардың саны 4 миллион адамға жетеді. Масондар басқаратын, мемлекеттердің дамуына және тарихи оқиғаларға әсер ететін құпия әлемдік үкімет бар деген пікір бар. Ашық дереккөздерге сәйкес, көрнекті саясаткерлер, жазушылар, сәулетшілер және философтартың басым бөлігі масондар болған.

Қандай атақты масондық ұйымдарды білесіз?  

💅Бүгін әлемде шомылуға арналған киімнің пайда болған күні. 1946 жылы 5 шілдеде француз дизайнері Луи Реар асты мен үсті бөлек тігілген шомылу киімін көрсетті. Алғашында мұндай ашық киімдерді киюге көптеген әйелдің батылы жетпеді. Тіпті мұндай киімдерге айыппұл салынып, қоғамдық сынға ұшырады. Сонымен қатар адамгершілік үшін күресетін ұйымдар әйелдердің беделіне нұқсан келтіретін киімдерге толығымен тыйым салуға шақырды. Тек он жылдан кейін Брижит Бардоның қатысуымен «Ал Құдай әйелді жаратты» фильмі шыққаннан кейін мұндай киімдерді киюге рұқсат берілді.

 

Сізге осындай шомылу киімдері ұнай ма?