«Үйде жатпа» күнтізбесі. 4 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 04 сентября, 2023


👀4 қыркүйек Дүниежүзілік жыныстық денсаулық күні аталып өтеді. Күннің мақсаты — жыныстық және бала туу функцияларына кедергі келтіретін аурулардан алдын алып, оның маңыздылығын түсіну. Бүгінде Қазақстанда 19% отбасы бала көтере алмайды. Сарапшылар мұның себебін зиянды өмір салтымен, жыныстық қатынастың бұзылуымен және нашар экологиямен байланыстырады.

Өзіңізге қамқорлық танытыңыз және деніңіз сау болсын!

👣Бүгін — Халықаралық таэквондо күні. 1994 жылы 4 қыркүйекте Халықаралық Олимпиада комитеті дәстүрлі ойын бағдарламасына жекпе-жектің осы түрін де енгізді. Ал Қазақстан федерациясын 1991 жылы алты дүркін әлем чемпионы, түрік және қазақ таэквондо мектептерінің негізін қалаушы Мұстафа Өзтүрік құрды.

Егер таныс таэквондистер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!


👏Бүгін әлемдегі ең танымал әрі қымбат компаниялардың бірі GOOGLE өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтеді. 1998 жылы 4 қыркүйекте Ларри Пейдж және Сергей Брин есімді студенттер жобаны дамыту үшін алғашқы 100 мың доллар алғаннан кейін өздерінің стартаптарын тіркеді. Бүгінде Google компаниясында 140 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Ал компанияның өзі 1,885 триллион доллар тұрады. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, Қазақстанның ЖІӨ биыл шамамен 250 миллиард долларды құрайды.

🥳4 қыркүйек — екі әйгілі әйелдің туған күні. Бүгін атақты қазақ ақыны Дарибаев Жадыра 75 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол «Гүлжайна», «Мейір», «Біздің жақтың аспаны» шығармаларының авторы. Оның өлеңдерінде халқына, тіліне деген азап жырланса, ал түйінді сөздері: құдай, ар-намыс, қадір-қасиет. Өнер иесі поэзиямен қатар көркем аудармамен де айналысады. 1992 жылы Қазақстанның тұңғыш Әнұраны мәтінінің авторларының бірі. Сондай – ақ бүгін американдық әнші, актриса, биші әрі продюсер Бейонсе 42 жасқа толды. Ол 20 мәрте Грэмми сыйлығының иегері атанып, одан бөлек 52 номинацияға ие болды. Алғашқы сыйлығын 19 жасында алды. Бейонсе — әлемдегі ең көп сатылатын әртістердің бірі және алғашқы алты студиялық альбомы Billboard-да бірінші орынға шыққан алғашқы жеке орындаушы. Оның байлығы шамамен 500 миллион долларға бағаланады.

Сізге Бейонсенің қай әні ұнайды?