👋4 желтоқсанда БҰҰ бастамасымен халықаралық банк күні аталып өтеді. Бұл күн банктердің халықтың өмір сүру деңгейі мен жағдайын жақсартуға қосқан үлесін, қала берді жаһандық ауқымдағы ең маңызды міндеттерді шешудің орасан зор әлеуетін көрсетеді. Бүгінде Қазақстанда екінші деңгейлі 21 банк бар. Олардың қызметін Ұлттық банк реттейді.
Ал сіз қай банктің қызметіне жүгінесіз?
👁4 желтоқсанда Қырғызстанда “Манас” эпосы күні аталып өтеді. “Манас” — қырғыз халқының тілі мен руханиятының ескерткіші. Дастан UNESCO-ның адамзат мәдениетінің материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне әрі әлемдегі ең көлемді эпос ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. 1856 жылы Шоқан Уәлиханов Ыстықкөл сапарынан кейін эпосты ғалымдар әлемі мен көпшілікке алғаш болып таныстырды. Сондай-ақ “Манасты” зерттеуге қазақ ғалымдары Әлкей Марғұлан мен Мұхтар Әуезов үлкен үлес қосты.
🫂4 желтоқсан — Халықаралық құшақтасу күні. Құшақтасу — адам денсаулығына пайдалы деген пайымның жаны бар. Сондықтан аталған күні адамдар құшақтасудың маңызына ерекше назар аударады. Нақтырақ айтсақ, аталмыш процесс психологиялық жайлы аура қалыптастыруға, күйзелістен арылуға, гормоналды тепе-теңдікті жақсартуға көмектеседі. Психологтардың пікірінше, жақын жандарды жиі құшақтау ұйқысыздықтан арылтып, депрессияны азайтады. Сонымен қатар өзін-өзі жоғары бағалауға әрі оптимистік көзқарас қалыптастыруға да әсері зор.
Ал сіз жақындарыңызды жиі құшақтайсыз ба?
👥4 желтоқсанда өмірге келген танымал тұлғалар. Бүгін әлемге танымал ұлы рэп орындаушысы Jay-Z 55 жас мерейтойын атап өтеді. Ол “Грэмми” сыйлығын 22 мәрте жеңіп, америкалық хит-парадта альбомдар саны бойынша рекорд орнатты. Jay-Z дүниежүзіндегі ең бай хип-хоп әртісі. Осы жылы оның байлығы 2,5 миллиард долларға бағаланды. Биыл әйелі Бейонсе екеуінің басы P.Diddy ісі бойынша дауға ілікті. Сондай-ақ бүгін Оңтүстік Кореялық әнші әрі ән авторы Ким Сокчин 32 жасқа толды. Өнер иесі BTS бойбендінің аға буыны әрі вокалисі. Чин K-POP тобының дискографиясындағы жеті композицияның авторы.
Сізге қай рэпер ұнайды: Jay-Z немесе 50 Cent?