«Үйде жатпа» күнтізбесі. 5 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 05 Ақпан, 2023


☑️ 5 ақпан – Эрудиттер күні. Эрудит – көптеген білім салаларынан хабардар, интеллектуалдық ой өрісі кең адамдар. Олар жақсы оқиды, үнемі өзін-өзі дамытудан жалықпайды әрі жан-жақты қызығушылықтары мен білімі бар. Мұндай жандар мектепте немесе университетте алған біліммен ғана шектелмейді. Нақтырақ айтсақ, олар жеке күш-жігері мен үнемі өзін-өзі жетілдірудің нәтижесінде бір саланы бірнеше бағытта жетілдіру арқылы жеткен. Сондықтан оқы, ойла, өс, дамы!

Сіз білімді адамдармен сөйлескенді ұнатасыз ба?

☑️ Бүгін тәтті әуесқойлары –  Дүниежүзілік Нутелла күнін атап өтуде. Шоколадтың пайда болуы күтпеген жерден орын алды. Яғни, кондитер – Пьетро Ферреро қалалық кешке шоколад батончиктеріне үлкен тапсырыс алайды. Алайда таңертең кондитерлік цехқа келгенде бөлмеде түнде қалған барлар еріп кеткенін көреді. Бұл қиындықтан қорыққан Пьетрро тығырықтан шығудың жолын тауып, әйелі кескен жұқа тілімдерге еріген барларды тез жая бастайды. Мереке қарсаңында емделіп жатқан адамдар шоколад пен жаңғақ кремі қосылған бутербродтарды қуана жеп, қатты ұнатады. Осы күннен бастап бұл өнім үлкен танымалдылыққа ие болады. Кондитер ойлап тапқан паста Ферреро компаниясның дүниеге келуіне әсер етті. Ал Нуттелла миллиард доллар әкелген ең қарапайым 10 өнертабыс тізімінде тұр. 

 

Сізге шоколад пастасы ұнай ма?

☑️ 5 ақпан екі атақты футболшының туған күні. Бүгін Португалия құрамасының капитаны, Сауд Арабиясының «Ан-Наср» клубының шабуылшысы – Криштиану Роналду 38 жасқа толды. Ол футбол тарихында ең көп гол соққан үздік футболшылардың бірі. Криштиану бес дүркін «Алтын доп» және төрт дүркін «Алтын бутсы» иегері. Бес рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Сонымен қатар Еуропа чемпионатының жеңімпазы. Футболшы әлемде ең жоғары жалақы алатын спортшы. Оның жылдық жалақысы 200 миллион доллар.

Сонымен қатар бүгін Бразилия құрамасының және Пари Сен-Жерменнің шабуылшысы – Неймар 31 жасын тойлап жатыр. Ол әлемдегі ең танымал футболшылардың бірі. 2017 жылы Time журналының нұсқасы бойынша әлемнің ең ықпалды 100 адамының тізіміне енді. 2019 жылы Forbes журналы Неймарды әлемдегі ең көп жалақы алатын үшінші спортшы деп атады. Бразилияның үздік сұрмергені Пеле екеуі бірге 77 гол соқты. 

 

Қазақстанда үздік футболшылар қашан пайда болады деп ойлайсыз?