«Үйде жатпа» күнтізбесі. 5 қаңтар: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 05 Қаңтар, 2023


☑️ 5 қаңтар – Халықаралық жеңілдеу күні аталып өтеді. Бұл – жаңа жылдан кейін ағзаны демалдыру үшін ойлап табылған мереке. Көп жағдайда адамдар бірнеше күн тамақтану нәтижесінде 3-5 килограмм салмақ қосып алады. Белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатындар артық салмақтан қорықпайды. Ал кейбір жандар ұзақ уақыт бойы артық салмақпен арпалысып жүр. Сондықтан семіздік пен артық салмақпен күрес аясында осы күн арнайы мереке есебінде белгіленді.

Ендеше денсаулық пен үйлесімділік жолында іске сәт!

☑️Бүгін десерт әуесқойлары – Дүние жүзілік кілегей күнін тойлайды. Бұл күн бөтелкедегі кілегейді ойлап тапқан Аарон Лапиннің туған күніне байланысты белгіленген. Консервіленген алғашқы кілегейді 1948 жылы АҚШ сауыншылары сатқан. Содан бері үй шаруасындағы әйелдер арасында ерекше танымалдылыққа ие болды. Кілегейдің алғашқы мәзірі XVI ғасырда пайда болған. Олар «сүтті қар» немесе «қар кремі» деп аталды. Ал жасау процессі ұзаққа созылды. 

 

Сіз қаймаққа не қосып жегенді ұнатасыз?

☑️ Бес жыл бұрын Қазақстан кинотеатрларында «Алмас қылыш» фильмі көрсетіле бастады. Аталмыш туынды Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы негізінде түсірілген. Сонымен қатар Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында қолға алынған «Қазақ елі» жобасының бір бөлігі болды. Фильмнің режиссері – Рүстем Әбдірашев. Туынды қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Мұнда жоңғар және солтүстік моңғол диалектілері де қолданылады.

Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқыдыңыз ба?

☑️5 қаңтар дүниеге келген танымал тұлғалар. 106 жыл бұрын қазақ жазушысы, ғалым, педагог – Қайым Мұхамеджанов (1916-2004) дүниеге келді. Ол – Қазақ КСР-і Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы. 1940 жылы Семейде Абай мұражайының негізін қалады. Тарихымызда қаншама тұлғалардың қалыптасуына үлкен үлес қосты. 

Сонымен қатар бүгін американдық актер, продюсер, режиссер және әнші – Брэдли Купер 48 жылдығын атап өтеді. Грэмми сыйлығының иегері –  «Мальчишник в Вегасе» және «Афера по-американски» фильмдеріндегі рөлдерімен әлемге әйгілі болды. Сонымен қатар ол «Стражи Галактики» харизматикалық Ракон енотын ойнады. Актер People журналы бойынша 2013 жылдың ең сексуалды адамы болып танылды.

 

Сізге қай Брэдли Купер фильмі ұнайды?