😁5 қарашада Қазақстанның Сыртқы барлау күні аталып өтеді. Дәл осы күні Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының барлау басқармасы (1992 жыл) және «Барлау» қызметі (1997 жыл) құрылды. Бүгінде ол Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі деп аталады. Оның мақсаты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кіретін жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін кез келген сыртқы қатерлерден қорғауға арналған.
Егер осы салада қызмет ететін таныстарыңыз болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!
🤩1993 жылы 5 қарашада «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Нәтижесінде посткеңестік мемлекеттердің тарихында тұңғыш рет дарынды жастарға шетелдің үздік университеттерінде толығымен мемлекет есебінен білім алу мүмкіндігі берілді. 30 жыл ішінде “Болашақ” бағдарламасы бойынша шетелде 12 мыңнан астам жоғары білікті кадрлар дайындалды. Бір студентке жылына орта есеппен 10 миллион теңге жұмсалады.
Үміткерлерге қойылатын талаптармен мына жерден танысуға болады: https://bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/zhattardy-tapsyru-erezheli
😇Бүгін ескі фотосуреттерді қарау күні аталып өтеді. Әр адамның ыстық естелікке толы суреттері бар. Олар бақытты не қайғылы сәттерді еске салады. Оның қатарында балабақша, мектеп, диплом алу сәті, достарымен бас қосудағы суреттері бар. Бүгінде фотосуреттерді арнайы басып шығаратындар жоқтың қасы. Себебі көпшілігі естеліктерді телефон немесе басқа да цифрлы құрылғыларға сақтауды жөн көреді. Алайда бұл естеліктер кешін өткізуге кедергі болмайды. Мерекені атап өту үшін ескі фотосуреттеріңіз бен бос уақытыңыздың болуы жеткілікті.
Ескі фотосуреттерге шолу жасағанды ұнатасыз ба?
👥5 қараша — көпке белгілі қос әйелдің туған күні. 111 жыл бұрын британдық театр және кино актрисасы Вивьен Ли (1913-1967) дүниеге келді. Өнер иесі “Унесённые ветром” фильміндегі Скарлетт О’Хары және “Трамвай Желание” фильміндегі Бланш Дюбуа рөлдері үшін “Үздік актриса» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығын екі мәрте иеленді. 1999 жылы американдық кино институты Вивьенді «Ең ұлы 100 кино жұлдыз» тізімінде 16-шы орынға қойды. Сондай — ақ бүгін 30-дан астам фильмге түскен қазақ актрисасы және тележүргізушісі Гүлнар Дусматова 60 жас мерейтойын атап өтеді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «Келинка — тоже человек», «Районы» фильмдерінен, қала берді «Перекресток» және “Саранча» телехикаяларымен көпшілікке белгілі болды.
Сіз «Унесенные ветром» фильмін қанша рет тамашаладыңыз?