«Үйде жатпа» күнтізбесі. 5 мамыр: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 05 Мамыр, 2024


👤1918 жылы 5 мамырда Омбыда қазақ жастарының жалпы құрылтайы өз жұмысын бастады. Съезд делегаттарының қатарында М.Әуезов, М.Жұмабаев, С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, М.Сейітов, А.Байгелдин, Ғ.Досумбекова және тағы басқа қазақ халқының белгілі қайраткерлері болды. Съезд нәтижесінде “Жас азамат” ұйымы құрылды. Оның мақсаты – Алаш республикасының мүддесін қорғау және ұлттық сананы көтеру үшін барлық өңірден жастарды біріктіру болды. 1920 жылы “Алаш Орда” партиясы таратылғаннан кейін Кеңес өкіметі тарапынан “Жас азамат” ұйымы да жұмысын тоқтатты.

👐5 мамыр – Халықаралық мүгедектер құқығын қорғау күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жер шарында мүгедектікке шалдыққае 1 миллиардтан астам адам бар. Бұл жалпы халықтың шамамен 15%-ын құрайды. Ал олардың 100 миллионға жуығы балалар. Халықтың қартаюына мен созылмалы аурулардың көп таралуына байланысты аталмыш көрсеткіш жыл сайын тұрақты өсуде. Қазақстанда 700 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұрады, оның 100 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар.

✍️5 мамыр – Халықаралық акушерлер күні. Баланың дүниеге келуі барлық уақытта маңызды болғандықтан, бұл кәсіптің пайда болу тарихы ерте заманнан басталады. Мамандықтың маңыздылығын асыра бағалау өте қиын. Өйткені ананың және сәбиінің денсаулығы мен өмірін сақтап қалу, акушердің практикалық тәжірибесі және кәсіби дағдыларына байланысты.

Егер таныс акушерлер болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!


👥5 мамырда өмірге келген қазақтың атақты тұлғалары. 128 жыл бұрын театр және кино актері, Қазақстанның халық әртісі Сералы Қожамқұлов (1896-1979) дүниеге келді. Қазақтың тұңғыш кино актері – кәсіби ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Мансап жолында 20-дан астам фильмге түсті. Сонымен қатар бүгін көпшілік үшін талғампаздық пен нәзіктіктің эталонына айналған актриса, тележүргізуші және модель Әсел Сағатова 39 жасқа толды. Көптеген кәсіби және мемлекеттік марапттың иегері 20-дан астам фильмде басты рөлді сомдаған. Сонымен қатар екі баланың анасы әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді түрде жүргізеді.

Сізге қай қазақ актрисасы ұнайды?