«Үйде жатпа» күнтізбесі. 5 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 05 июня, 2025


☘️5 маусым — Қазақстанда экологтар күні. Бұл — Қазақстанның табиғатын қорғап, оны сақтау жолында еңбек етіп жүрген жандардың ресми түрде бекітілген кәсіби мерекесі. Экологтар күні БҰҰ бекіткен Дүниежүзілік қоршаған орта күнімен тұспа-тұс келеді. Бұл күннің мақсаты — ғаламшарда орын алып жатқан негізгі мәселелерге жұртшылықтың қызығушылығын тудыра отырып, адамдарды қоршаған ортаны жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдауға шақырады.

Егер таныстарыңыздың арасында экологтар болса, оларды кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз. 

✍️Бүгін – Жануарларға қатысты кемсітушілікке қарсы күрес күні. Бұл күн адамзаттың өзге тіршілік иелеріне үстемдікпен қарауы мен әділетсіз қатынасын тоқтатуға шақырады. Кейбір адамдар өзін табиғаттан жоғары санап, жан-жануарларға тек өз пайдасы үшін қарайды. Мұндай көзқарас өркениетті қоғамда орын алмауы тиіс.

Бұл күн – расизм мен жыныстық кемсітушілік сияқты, жануарларды алалау да дұрыс еместігін еске салады. Жануарлар да тіршілік иесі, олар да құрметке лайық.

Сіз мұндай бастамаларды қолдайсыз ба?

🗣Бүгін — Танымал жаңсақ пікірлер күні. 5 маусым тарихта тағы бір елеулі оқиғамен байланысты: 1944 жылы дәл осы күні Ұлыбритания, АҚШ және Канада елдерінен құралған 150 мың сарбаздан тұратын одақтас әскер Францияның солтүстігіне түсірілді. Бұл операция нацистердің “Үшінші рейх мың жыл өмір сүреді” деген сеніміне үлкен соққы болды. Гитлердің жоспары Еуропаны арийлік ұлтпен қоныстандыру және Кеңес Одағына үстемдік жүргізу болған. Алайда бұл жоспар жүзеге аспады. Нацизмге тойтарыс берілді, ал Нюрнберг процесі олардың адамзатқа қарсы бағытталған идеологиясын айыптады. Бұл күн – тарихтағы қате сенімдер мен жалған түсініктердің соңы қандай болатынын еске түсіреді.

👤5 маусым — қос тұлғаның туған күні. Бүгін америкалық актер және музыкант Марк Уолберг 54 жасқа толды. Мансап жолында ол 50-ден астам фильмде ойнады. Ал олардың көпшілігі блокбастерлерге айналды. Өнер иесі өзінің алғашқы жоғары табысын 1990 жылдардың басында рэпер Марки Марк ретінде тапты. Сонымен қатар бүгін грек-рим күресінен қазақстандық жалғыз Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко 53 жасын атап өтеді. 1996 жылы Аталантадағы жеңісінен басқа, ол екі рет әлем чемпионы, екі рет Азия чемпионы атанды. Спорттық мансабын аяқтаған соң күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып, талай чемпиондарды тәрбиеледі. 

Сізге Марк Уолбергтің қай фильмі ұнайды?