🫂5 наурыз кешірім күні тойланады. Біреуге ренжу әрі өкпелеу ауыр жүкті арқалап жүрумен бірдей. Мұндай жағдайда жай-күйіңіз тыныштық таппай, жағымсыз сезімді бастан өткересіз. Бұл күні ұзақ уақыт бойы байланысыңызды үзген ескі таныстарыңызға хат жазып, ренішіңізді жіберіп, татуласуға мүмкіндік бар. Кез келген адамның ішкі жан дүниесін түсіне отырып, әңгіме айту — татуласу мен түсіністіктің алғашқы қадамы екенін есіңізден шығармаңыз.
📱Бүгін қызықты күн — Халықаралық гаджеттерді өшіріп қою күні. Қазіргі таңда смартфондар, планшеттер мен ноутбуктар адам өмірінен ойып тұрып орын алатын болды. Көпшілік бұл пікірмен келіспейді. Себебі олардың айтуынша, кез келген сәтте цифрлық технологиядан бас тартуға мүкіндік жасалған. Алайда шынайы өмірге көз жүгіртсек, адамдар телефонсыз бір сағатқа да шыдай алмайды. Сондықтан белсенділер бір күнге құрылғылардан бас тартып, шынайы әлемнің тамаша сәттеріне көз жүгіртуді ұсынады.
Ал сіз интернетсіз қанша уақыт жүре аласыз?
📌Бүгін степлердің пайда болған күні. 1866 жылы 5 наурызда ағылшындық Джордж МакГилл осы бірегей кеңсе құрылғысын ойлап табуға патент алды. Алғашқы құрылғы үлкен әрі өте ыңғайсыз еді. Себебі бұл кезде пайдаланушы алдымен тесіктерді жасап, құрылғыға тойтармалар салып, кейін қағазды қойып, оларды бекіту үшін тұтқасын өзі басатын болған. Ал қазіргі таңда заманауи степлер шағын әрі пайдалануға өте тиімді. Онсыз кеңсе қызметкерінің, жиһаз жасаушының, орнатушының немесе құрылысшының жұмысын елестету мүмкін емес.
🎊5 наурыз өмірге келген танымал тұлғалар. 158 жыл бұрын қазақ саяси және қоғам қайраткері, оқытушы, журналист және этнограф — Әлихан Бөкейханов (1866-1937) дүниеге келді. Ол «Алаш» партиясының негізін қалаушы әрі көшбасшыларының бірі. Өзін қазақ зиялыларының қоғамдық қозғалысының «батыстық бағытына» жатқызып, қазақ Даласын орыс отарлауына қарсы белсенді күрес жүргізді. 1937 жылы Кеңес өкіметі оны «террористік ұйымға» қатысы бар деп айыптап, ату жазасына кесті. Ал 1989 жылы бұл үкім негізсіз деп танылды.
Бүгін Louis Vuitton moët Hennessy компаниясының президенті, француз кәсіпкері — Бернард Арно 75 жасын атап өтеді. 2023 жылдың ақпан айының басында Forbes оның байлығын 222 миллиард долларға бағалап, оны әлемдегі ең бай адам тізіміне енгізді.
Сіздің қалаңызда Әлихан Бөкейхановтың есімімен аталған қандай орындар бар?🏛