«Үйде жатпа» күнтізбесі. 5 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 05 марта, 2025


👏5 наурызда кешірім күні тойланады. Біреуге ренжу әрі өкпелеу ауыр жүкті арқалап жүрумен бірдей. Мұндай жағдайда ішкі жай-күйіңіз тыныштық таппай, жағымсыз сезімді бастан өткересіз. Бұл күні ұзақ уақыт бойы байланысыңызды үзген ескі таныстарыңызға хат жазып, татуласуыңызға мүмкіндік бар. Кез келген адамның ішкі жан дүниесін түсіне отырып, әңгіме айту — татуласу мен түсіністіктің алғашқы қадамы екенін есіңізден шығармаңыз. 

 

📱Бүгін — Халықаралық гаджеттерді өшіру күні. Қазіргі таңда смартфондар, планшеттер мен ноутбуктар адам өмірінен ойып тұрып орын алады. Көпшілік бұл пікірмен келіспейді. Себебі олардың айтуынша, кез келген сәтте цифрлық технологиядан бас тартуға мүкіндік жасалған. Алайда шынайы өмірге көз жүгіртсек, адамдар телефонсыз бір сағат та шыдай алмайды. Сондықтан белсенділер бір күнге құрылғылардан бас тартып, шынайы әлемнің тамаша сәттеріне көз жүгіртуді ұсынады.

 

Ал сіз интернетсіз қанша уақыт жүре  аласыз?

👏Бүгін степлердің пайда болған күні. 1866 жылы 5 наурызда ағылшындық Джордж МакГилл осы бірегей кеңсе құрылғысын ойлап табуға патент алды. Алғашқы құрылғы үлкен әрі өте ыңғайсыз еді. Себебі бұл кезде пайдаланушы алдымен тесіктерді жасап, құрылғыға тойтармалар салып, кейін қағазды қойып, оларды бекіту үшін тұтқасын өзі басатын болған. Ал қазіргі таңда заманауи степлер шағын әрі пайдалануға өте тиімді. Онсыз кеңсе қызметкерінің, жиһаз жасаушының, орнатушының немесе құрылысшының жұмысын елестету мүмкін емес.

👥5 наурыз — танымал қос тұлғаның туған күні. 159 жыл бұрын қазақ саяси және қоғам қайраткері, оқытушы, журналист және этнограф Әлихан Бөкейханов (1866-1937) дүниеге келді. Ол «Алаш» партиясының негізін қалаушы әрі көшбасшыларының бірі. Өзін қазақ зиялыларының қоғамдық қозғалысының «батыстық бағытына» жатқызып, қазақ Даласын орыс отарлауына қарсы белсенді күрес жүргізді. 1937 жылы Кеңес өкіметі оны «террористік ұйымға» қатысы бар деп айыптап, ату жазасына кесті. Ал 1989 жылы бұл үкім негізсіз деп танылды. 

Сонымен қатар бүгін Louis Vuitton moët Hennessy компаниясының президенті, француз кәсіпкері Бернард Арно 76 жасқа толды. 2025 жылдың басында оның байлығы 189,9 миллиард долларға бағаланып, әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне енді. 

 

Сіздің қалаңызда Әлихан Бөкейхановтың есімімен аталған қандай орындар бар?