«Үйде жатпа» күнтізбесі. 5 наурыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 05 Наурыз, 2023


📺Наурыз айының бірінші жексенбісі – Халықаралық балалар телерадиосы күні. Бұл күні бұқаралық ақпарат құралдарында балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын нақты әрі қарапайым тілде түсіндіруге мүмкіндік беретін бағдарламалар таратылады. Сонымен қатар бұл күні балаларға арналған радиобағдарламалар мен телебағдарламаларды жасап жүрген мамандардың кәсіби мерекесі аталып өтеді. Осы салада қызмет етіп жүрген жандарға шығармашылық табыс тілейміз! Болашақ олардың еткен еңбегіне байланысты болатынын ескерейік! 

 

Сізге балаларға арналған қай телеарна көбірек ұнайды? 👶

🫂5 наурыз – кешірім күні тойланады. Біреуге деген өкпе-реніш – ауыр жүкті арқалап жүрумен бірдей. Яғни, жан күйің тыныштық таппай, жағымсыз эмоцияны бастан өткересің. Бұл күн ұзақ уақыт бойы араласпаған ескі таныстарыңызға хат жазып, ренішті жіберуге жақсы себеп. Ішкі жан дүниеңді түсіне отырып, әңгіме айту – татуласу мен түсіністіктің алғашқы қадамы болып саналады. 

📱Бүгін қызықты күн – гаджеттерді өшіріп қоюдың халықаралық күні. Қазіргі таңда смартфондар, планшеттер мен ноутбуктар адам өмірінде көбірек орын ала бастады. Мыңдаған жан бұл көзқараспен келіскісі келмейді. Олардың айтуынша, айналасындағылар кез келген сәтте цифрлық технологиялардан бас тарта алады. Алайда шынайы өмірге көз жүгіртсек, олар телефонсыз бір сағатқа да шыдай алмайды. Сондықтан аталмыш күні белсенділер бір күнге құрылғыларды ұмытып, шынайы әлемнің тамаша көріністерін тамашалауды ұсынады.

 

Ал сіз интернетсіз қанша уақыт шыдай аласыз? 📲

🎊5 наурыз өмірге келген танымал тұлғалар. 157 жыл бұрын қазақ саяси және қоғам қайраткері, оқытушы, журналист және этнограф – Әлихан Бөкейханов (1866-1937) дүниеге келді. Ол «Алаш» партиясының негізін қалаушы әрі көшбасшыларының бірі. Өзін қазақ зиялыларының қоғамдық қозғалысының «батыстық бағытына» жатқызып, қазақ Даласын орыс отарлауына қарсы белсенді күрес жүргізді. 1937 жылы Кеңес өкіметі оны «террористік ұйымға» қатысы бар деп айыптап, ату жазасына кесті. Ал 1989 жылы бұл үкім негізсіз деп танылды. 

Бүгін – Louis Vuitton moët Hennessy компаниясының президенті, француз кәсіпкері – Бернард Арно 74 жылдығын атап өтеді. 2023 жылдың ақпан айының басында Forbes оның байлығын 222 миллиард долларға бағалап, оны әлемдегі ең бай адам тізіміне енгізді. 

 

Сіздің қалаңызда Әлихан Бөкейхановтың есімімен аталған орындар бар ма?🏛