👤5 шілдеде “еңбекқор адамдар” күні аталып өтеді. Мұндай жандар мансапты достықтан, отбасылық мүддеден және жақындарынан да жоғары қояды. Олар қарапайым әрі ерекше қуанышқа бөлейтін сезімдерге аса мән бермейді. Мысалы, ата-анамен кездесу, балалармен уақыт өткізу, серуен, туған күн сияқты маңызды оқиғаларға салғырт қарап, уақытының көп бөлігін жұмыста өткізеді. Сәйкесінше, еңбекке деген тәуелдік өзгемен қарым-қатынас құруда және жеке өмірге кедергісін келтіріп жатады. Сонымен қатар жалғыздыққа душар етіп, жүйке жүйесіне әсер етеді. Сол себепті еңбекқор жандар өмірін тек бір бағытқа байлап қоймай, жарқын сәттерге ұмтылып, үнемі үйлесімде болуға тырысуы қажет.
Еңбексүйгіш жандарды білсеңіз, оларды осы күнмен құттықтап, тек жұмыспен шектелмеуге көмек қолын созыңыз!
💸1961 жылы 5 шілдеде Маңғыстау мұнайының ашылған күні болып саналатын Жетібай ірі мұнай-газконденсат кен орны ашылды. Жетібай Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі дамуының жаңа парағын ашып қана қойған жоқ. Сонымен бірге мұнайдың негізгі көзіне айналды. 60 жыл ішінде мұнда мұнайшылардың бірнеше буыны кәсіби біліктігін шыңдап, көпшілігі еліміздің басқа өңірлерінің дамуына атсалысып, көрнекті мамандар мен басшылар атанып үлгерді. 2016 жылы кен орнында Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібін ашушылардың мұражайы ашылды.
Жетібайда жұмыс істейтін достарыңыз болса, мерекемен құттықтап қойыңыз!
👍1717 жылы 5 шілдеде масондық ұйымдарды біріктіретін Англияның Ұлы ложасы құрылды. Қазір масондық ұстаным бүкіл әлемге таралған. Мұндағы адам саны 4 миллионға жетеді. Кей деректерге сүйенсек, масондар басқаратын, мемлекеттердің дамуына және тарихи оқиғаларға әсер ететін құпия әлемдік үкімет бар деген пікірлер кездеседі. Ашық дереккөздерге сәйкес, көрнекті саясаткерлер, жазушылар, сәулетшілер және философтартың басым бөлігі масондар болған.
Қандай атақты масондық ұйымдарды білесіз?
👀Бүгін әлемде шомылуға арналған киімнің пайда болған күні. 1946 жылы 5 шілдеде француз дизайнері Луи Реар асты мен үсті бөлек тігілген шомылуға арналған киімін көрсетті. Алғашында мұндай ашық киімдерді киюге көптеген әйелдің батылы жетпеді. Тіпті мұндай киімдерге айыппұл салынып, қоғамдық сынға ұшырады. Сонымен қатар адамгершілік үшін күресетін ұйымдар әйелдердің беделіне нұқсан келтіретін киімдерге толығымен тыйым салуға шақырды. Тек он жылдан кейін Брижит Бардоның қатысуымен “Ал Құдай әйелді жаратты” фильмі шыққаннан кейін мұндай киімдерді киюге рұқсат берілді.
Сізге шомылуға арналған киімдер ұнай ма?