«Үйде жатпа» күнтізбесі. 5 тамыз: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 05 августа, 2024


☘️Бүгін — Халықаралық бағдаршам күні. 1914 жылы 5 тамызда Американың Кливленд қаласында заманауи құрылғылардың алғашқы ізашары пайда болды. Бұл туындының авторы — инженер Д. Хог. Ежелгі аппарат екі түсті (қызыл және жасыл) және түстердің ауысуымен бірге жүретін дыбыс еді. Үш түсті бағдаршамдарды алғаш рет 1920 жылы Детройт пен Нью-Йорк тұрғындары көрді. Уақыт өте келе құрылғылар Америка, Еуропа, қала берді бүкіл әлемде танымал болды.

 

Сізге әрдайым жасыл жарық түссін!

 

🧠2022 жылдың 5 тамызында 18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева “Әйелдер арасында Азияның 2021 жылғы ең үздік шахматшысы” атанды. 2021 жылы ол әйелдер арасындағы онлайн чемпионатта бірінші орынды иеленді, рапидтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды және Қазақстан тарихында тұңғыш рет ересектер арасындағы блиц бойынша әлем чемпионы болды.

 

Бибісараға бұдан да көп жеңістер мен рекордтар тілейміз!

👥5 тамыз — қазақтың танымал екі адамының туған күні. 102 жыл бұрын ұшқыш-штурмовик, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры атанған Талғат Бегелдинов (1922-2014) дүниеге келді. Қазақстан авиациясының генерал-майоры 1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңда өткен Жеңіс шеруіне қатысты. Ол туралы фильмдер түсіріліп, арнайы кітаптар жазылды. Ұшқыштың есімімен жоғары әскери мектептер аталып, Қазақстан бойынша көптеген ескерткіштер орнатылды. Сонымен қатар бүгін әйгілі киноактер Жан Байжанбаев 63 жасқа толды. Ол «Рэкетир», «Қазақша Бизнес» және тағы басқа фильмдер арқылы көрерменнің көзайымына айналды. Оның шын тегі – Аукенов. Байжанбаев – ағасының тегі.

 

Сізге жан Байжанбевтың қай фильмі ұнайды?

 

👥5 тамызда тағы екі танымал тұлға дүниеге келді. 174 жыл бұрын ең ірі француз новеллисті, ақын және әңгіме шебері Ги де Мопассан (1850-1893) өмірге келді. Мопассанның бүкіл әлемге танымал болуы 1880 жылы романдардың сәннен шығып, қысқа әңгімелердің пайда болуымен байланысты. Оның ең көпшілікке белгілі шығармалары — «Сүйкімді дос», «Пышка», «Алқа». Сондай – ақ 94 жыл бұрын америкалық астронавт Нил Армстронг(1930-2012) дүниеге келді. Ол 1969 жылы 20 шілдеде “Аполлон — 11” ай экспедициясы кезінде Айға аяқ басқан алғашқы адам болды. Мұнда ол “Бұл адам үшін кішкентай бір қадам, алайда бүкіл адамзат үшін үлкен жаңалық!” екенін айтты.