«Үйде жатпа» күнтізбесі. 5 қыркүйек: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 05 сентября, 2023


👀5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі. Бұл күн ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының (1872-1937) туған күніне орай таңдалды. Ол ұлттық тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушылардың бірі болды. Қазақ тіл білімінің, грамматикасының негіздерін дамытты, сонымен қатар араб графикасына негізделген қазақ жазуына реформа жасады. Оны халық “Ұлт ұстазы” деп қастерлейді. Ал тілдер күні барша қазақстандықтардың достығы, туыстық және бірлігінің белгісі.

 

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте! 

👀Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық қайырымдылық күні аталып өтеді. 1997 жылы 5 қыркүйекте ұзақ аурудан кейін қайырымдылық ісімен танымал болған Калькутталық Тереза ​​ана қайтыс болды. Мерекенің мақсаты – қоғам назарын шараларға аудару және қайырымдылық ұйымдарына көмек көрсету. 2022 жылдың басында Қазақстанда 35 қайырымдылық қоры тіркелді. Уақытты қажет ететін кез келген көмек қайырымдылық ретінде есептеледі. Сондықтан барлығына осы игі бастамада өз күшін сынап көруге кеңес береміз. 

👣5 қыркүйек — кешігіп келу күні. Көптеген адамның қазіргі өмірі белгілі бір кестеге бағынады. Сондықтан бір іске кешігіп қалсақ үрейленеміз. Әрине, кейбір жағдайларда ұқыптылық өте маңызды. Мәселен, ұшақ немесе пойыз кешігіп келген жолаушыларды күтпейді. Ал жұмыстағы бастық кешіккені үшін міндетті түрде бонус бермейді. Бірақ асығудың қажеті жоқ. Бірнеше минутқа кешігетін болсаңыз, сіз ештеңе жоғалтпайсыз. Ал бүгін кездесуге баратын қыздардың кешігу үшін ресми дәлелі болды.

Егер сіз жиі кешігіп келетін адамдарды білсеңіз, оларды осы күнмен құттықтай аласыз!

🥳Бүгін есімдері музыкамен байланысты екі танымал адамның туған күні. 99 жыл бұрын композитор, Қазақстанның композиторлық мектебінің негізін қалаушылардың бірі Сыдық Мұхамеджанов (1924-1991) дүниеге келді. Қазақстан Композиторлар одағының басқарма төрағасы бірнеше жыл Жамбыл атындағы филармония мен Абай атындағы опера және балет театрын басқарды. Оның сонаталары, пьесалары, күйлері мен поэмалары қазақ оркестрлік музыкасының дамуының үлгісі болды. 77 жыл бұрын парсыдан шыққан британдық әнші, ән жазушы және Queen рок тобының вокалисті Фредди Меркурий (1946-1991) дүниеге келді. Ол әлі күнге дейін әлемдегі ең танымал орындаушылардың бірі. Оның сахналық бейнелері мен сахнадағы эксцентрикалық мінез-құлқы тіпті музыкадан алыс адамдарға да белгілі. 2018 жылы «Богемиялық рапсодия» фильмі шықты. Онда ұлы әншінің бейнесін Рами Малек сомдады. Бұл рөлі үшін актер «Оскар» сыйлыына ие болды. 

 

Сізге Фреддидің қай әні ұнайды?