👀6 қараша БҰҰ бастамасымен халықаралық соғыс және қарулы қақтығыстар кезінде қоршаған ортаны қанаудың алдын алу күні аталып өтеді. Кез келген қарулы қақтығыс адамдардың өмірін қиып қана қоймай, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Снарядтар жарылып, улы заттар қолданылған жерлер жылдар бойы кері әсерір көруде. Табиғат зиянды әрекеттерге қарсы тұра алмайды. Сол себепті бұл мәселеге шұғыл түрде назар аудару қажет. Әлемдегі соңғы жағдайларды ескере отырып, бұл күннің маңыздылығын ерекше атап өтуге болады.
🐅6 қарашада адам қолынан қаза тапқан жануарларды еске алу күні де аталып өтеді. Бұл күні жануарларды қорғау қорларының өкілдері адамның бейқамдығы мен немқұрайлылығынан құрбан болған жануарларды еске алуға шақырады. Себебі соңғы 500 жылда адам әрекетінің нәтижесінде олардың 800-ден астам түрі жойылды. Аталмыш күннің мақсаты адамдар тарапынан орын алатын жануарлардың өлімі мен азап шегуіне жол бермеу әрі әлемді қайырымды іске шақыру.
🐬1492 жылы 6 қарашада Куба аралындағы үндістер Христофор Колумб пен оның теңізшілерін темекі беріп, қонақ етті. Еуропалықтар темекі ұғымымен алғаш рет осы мекенде танысты. Араға біраз уақыт салғаннан кейін темекі бүкіл әлемге таралды. Ал оны шамадан тыс тұтыну түрлі ауруға шалдықтырып, темекі шегуге қарсы күресті бастауға түрткі болды. Мәселен, Америкада темекі шегушілер өлім жазасына кесілді. Түркияда қазыққа отырғызса, Италияда олар қуғынға ұшырап, қамауға алынды. Ал Ресейде өкшені таяқпен ұру ережесі болды. Алайда қазіргі таңда темекі шегетіндерге жаза тым жеңіл. Оларға қарсы шаралар тек тым гуманитарлық бағытта жүргізілуде.
Сіз темекі шегуге қарсы күресті қолдайсыз ба?
👥6 қараша екі танымал адамның туған күні. 529 жыл бұрын Осман империясының оныншы сұлтаны Сүлеймен I (1494-1566) дүниеге келді. Ол — Османлы әулетінің ең ұлы сұлтаны. Сүлейменнің тұсында Осман империясы қарқынды түрде дамыды. Еуропада оны Сұлтан Сүлеймен, ал мұсылман әлемінде Кануни Сүлеймен деп атайды. Сондай — ақ бүгін американдық актриса, Оскар сыйлығының лауреаты Эмма Стоун 35 жасқа толды. Ол өз заманының ең талантты актрисаларының бірі. 2017 жылы Forbes журналы оны жылдық табысы 26 миллион долларды құрайтын әлемдегі ең көп жалақы алатын актриса деп атады. Өнер иесі көпшілікке «Ла-Ла Ленд”, “Новый Человек-паук” және “Отличница лёгкого поведения” фильмдерімен танымал.
«Сұлтан Сүлеймен» сериялындағы сүйікті кейіпкеріңіз кім?