«Үйде жатпа» күнтізбесі. 6 қараша: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 06 ноября, 2024


😪Қарашаның алғашқы сәрсенбісінде күйзеліс туралы хабардар ету күні аталып өтеді. Күйзеліс кейде оң, ал кейде теріс сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайда адамда күйзелістің екінші түрі кездеседі. Бұл шаршау мен күштің сарқылуына жол беріп, денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Ұзақ мерзімді күйзеліс көптеген аурудың пайда болуына әрі оның өршуіне жол ашады. Ал одан алдын алу үшін мамандар тұрақты түрде салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді. Алайда күйзелістен толық айығып кету мүмкін емес екенін есте ұстанған жөн. Сондықтан оларға әрдайым төтеп беруге дайын болыңыз. 

 

 

🤝6 қарашада адам қолынан мерт болған жануарларды еске алу күні аталып өтеді. Бұл күні жануарларды қорғауға арналған қор өкілдері адамның бейқамдығы мен немқұрайлылығынан құрбан болған жануарларды еске алуға шақырады. Себебі соңғы 500 жылда адам әрекетінің нәтижесінде олардың 800-ден астам түрі жойылды. Аталмыш күннің мақсаты адамдар тарапынан орын алатын жануарлардың өлімі мен азап шегуіне жол бермеу әрі әлемді қайырымды іске шақыру.

 

👀1492 жылы 6 қарашада Куба аралындағы үндістер Христофор Колумб пен оның теңізшілерін темекі беріп, қонақ етті. Еуропалықтар темекі ұғымымен алғаш рет осы мекенде танысты. Араға біраз уақыт салғаннан кейін темекі бүкіл әлемге таралды. Ал оны шамадан тыс тұтыну түрлі ауруға жол ашты. Бұл өз кезегінде темекі шегуге қарсы күресті бастауға түрткі болды. Мәселен, Америкада темекі шегушілер өлім жазасына кесілді. Түркияда қазыққа отырғызса, Италияда олар қуғынға ұшырап, қамауға алынды. Ал Ресейде өкшені таяқпен ұру ережесі болды. Алайда қазіргі таңда темекі шегетіндерге жаза тым жеңіл. Оларға қарсы шаралар тек гуманитарлық бағытта жүргізілуде.

 

Сіз темекі шегуге қарсы күресті қолдайсыз ба?

 

👥6 қараша — танымал екі адамның туған күні. 530 жыл бұрын Осман империясының оныншы сұлтаны Сүлеймен I (1494-1566) дүниеге келді. Ол — Османлы әулетінің ең ұлы сұлтаны. Сүлейменнің тұсында Осман империясы қарқынды түрде дамыды. Еуропада оны Сұлтан Сүлеймен, ал мұсылман әлемінде Кануни Сүлеймен деп атайды. Сондай — ақ бүгін американдық актриса, Оскар сыйлығының лауреаты Эмма Стоун 36 жасқа толды. Ол өз заманының ең талантты актрисаларының бірі. 2017 жылы Forbes журналы оны жылдық табысы 26 миллион долларды құрайтын әлемдегі ең көп жалақы алатын актриса деп атады. Өнер иесі көпшілікке «Ла-Ла Ленд”, “Новый Человек-паук” және “Отличница лёгкого поведения” фильмдерімен танымал.

 

«Сұлтан Сүлеймен» сериялындағы сүйікті кейіпкеріңіз кім?