🗣6 мамыр — Халықаралық диетаға қарсы күрес күні. Миллиондаған адам артық салмақпен күресу үшін бірнеше жыл жұмыс істейді. Алайда тек бестен біреуі ғана уақытша салмақ тастайды. Ал 1% — ы тұрақты түрде артық салмақтан арыла алады. Аталмыш күннің мақсаты — түрлі түсінікке еліктемей, өзіңізді сол қалпыңызда толық қабылдап үйренуге шақырады. Бұл қағиданы салауатты өмір салтын ұстанатындар қабылдады. Осы тұста, көпшілігі бастысы адамның дені сау болып, артық салмаққа қарамастан, құлпырып жүруге болады деген пікірді алға тартады.
Қалай ойлайсыз, диета ұстаған дұрыс па?
👤2010 жылдың 6 мамырында Астанада Ұлы Отан соғысында Германия мен Австрияда қаза тапқан қазақтарға арналған “Арманда кеткен боздақтар” естелік кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітапта Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германиядағы концлагерьлердің қабырғасында қаза тапқан 6200-ден астам қазақстандық туралы мәлімет бар. Сонымен қатар мұнда Австрия аумағында соғысып, ажал құшқан 980 қазақстандықтың аты-жөні, 200-ден астам адамның жерленген жері де енгізілген.
👍1626 жылы 6 мамырда голландиялық Питер Минит құны 24 долларға бағаланған Манхэттен аралын үндістандық Манахатта тайпасынан сатып алды. Бұл жерде қазіргі Нью-Йорктің ізашары Жаңа Амстердам құрылған. Оның тарихи өзегі — осы арал. Қазір Манхэттен Америка Құрама Штаттарында халық тығыз қоныстанған және ең бай аудандардың бірі. Бүгінгі күні аралдың болжамды құны 49 миллиард долларды құрайды.
Міне, бұл жағдайды керемет мәміле деп атауға болады.
👥6 мамыр — қос тұлғаның туған күні. 73 жыл бұрын қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Жақсылық Үшкемпіров (1951-2020) дүниеге келді. Ол 1980 жылы Мәскеуде өткен классикалық күреске Қазақстан атынан қатысты. 2014 жылы Халықаралық күрес федерациясының Даңқ залына енді. 2020 жылы Астанадағы жекпе-жек сарайы Үшкемпіровтің құрметіне орай өзгертіліп, жанынан ескерткіші ашылды. Сонымен қатар бүгін америкалық актер, режиссер, продюсер және кәсіпкер Джордж Клуни 63 жаcқа толды. “Оскар” иеленген актер мансап жолында 50-ден астам фильмде басты рөлді сомдады. Time журналы оны әлемдегі ең ықпалды 100 адамның қатарына қосты.
Жақсылық Үшкемпіров туралы фильмнің трейлерін мына жерден көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=JAk7uRhkJQI
#күнтізбе #6мамыр #диета