🌱 Мамырдың алғашқы сенбісі салауатты өмір салтын ұстанатындар — Пилатес күнін атап өтеді. Бұл халықаралық мереке пластикалық биге айналып, йогаға негізделген ерекше жаттығуларды ұнататын жанкүйерлерді біріктіреді. Бұл сіздің мүсініңізді түзеуге, ішкі ағзаңыздың жұмысын жақсартуға, икемділік пен тепе-теңдікті ұстап, үйлесімді өмір сүруге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда пилатеспен Джулия Робертс, Вера Брежнева, Гвинет Пэлтроу, Кэмерон Диас, Ким Кардашян және басқа да көптеген атақты адамдар айналысып келеді.
Ал сіз қандай дене жаттығуларымен айналысып жүрсіз?
🍕6 мамыр — Халықаралық диетаға қарсы күрес күні. Миллиондаған адам артық салмақтан арылу үшін қаншама жыл жұмыс істейді. Алайда тек 5-тен біреуі ғана уақытша салмақ тастайды. Ал 1% -ы тұрақты түрде артық салмақтан арылуға қол жеткізеді. Аталмыш күннің мақсаты — түрлі стереотипке еліктемей, өзіңізді сол қалпыңызда толық қабылдауды үйрену. Бұл қағиданы салауатты өмір салтын ұстанатындар қабылдады. Осы тұста, көпшілігі бастысы адамның дені сау болып, артық салмаққа қарамастан құлпырып жүруге болады деген пікірді құптайды.
Қалай ойлайсыз, диета ұстаған дұрыс па?
💎 1626 жылы 6 мамырда голландиялық Петер Минейт құны 24 долларға бағаланған Манхэттен аралын үндістандық Манахатта тайпасынан сатып алды. Бұл жерде қазіргі Нью-Йорктің ізашары Жаңа Амстердам құрылған. Оның тарихи өзегі осы арал. Қазір Манхэттен Америка Құрама Штаттарындағы ең тығыз қоныстанған және бай аудандардың бірі. Бүгінгі күні аралдың болжамды құны 49 миллиард долларды құрайды.
Міне, бұл жағдайды керемет мәміле деп атауға болады.
👥6 мамыр дүниеге келген танымал адамдар. 72 жыл бұрын қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған — Жақсылық Үшкемпіров (1951-2020) дүниеге келді. Ол 1980 жылы Мәскеуде өткен классикалық күреске Қазақстан атынан қатысты. 2014 жылы Халықаралық күрес федерациясының Даңқ залына енді. 2020 жылы Астанадағы Жекпе-жек сарайы Үшкемпіровтің құрметіне орай өзгертіліп, жанынан ескерткіші ашылды. Сонымен қатар бүгін американдық актер, режиссер, продюсер және кәсіпкер — Джордж Клуни 62 жаcқа толды. «Оскар» иеленген актер мансап жолында 50-ден астам фильмде басты рөлді сомдады. Time журналы оны әлемдегі ең ықпалды 100 адамның қатарына қосты.
Жақсылық Үшкемпіров туралы фильмнің трейлерін мына жерден көре аласыз https://www.youtube.com/watch?v=JAk7uRhkJQI