«Үйде жатпа» күнтізбесі. 6 маусым: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 06 Маусым, 2023


🪳6 маусым – Дүниежүзілік зиянкестерге қарсы күрес күні. Зиянкестерге адамға немесе басқа да тіршілік иесіне зиян келтіретін кез келген өсімдік пен жануар жатады. Әрине, зиянкестерді кездейсоқ жоюға болмайды. Себебі кейбір жануарлар белгілі бір жағдайда ғана зиянкес болып келеді. Бірақ олардың санын бақылауға және адамдардан қорғауға болады. Бұл күннің мақсаты – халықтың назарын зиянкестерге қарсы күрестің қоғамдық денсаулықты сақтаудағы маңызына аудару.

Сіз қандай зиянкестерден жиі зардап шегесіз?

👩‍💻6 маусым компьютерлік ойын әуесқойлары Тетрис күнін атап өтеді. Бұл ойынды 1984 жылы ойлап тапты. Содан бері Тетрис әлем бойынша кең танымалдылыққа ие болды. Ал оны ұйымдастыру принциптері Dr.Mario және Candy Crush сияқты танымал компьютерлік ойындардың негізін қалады. Бір қызығы, бағдарламашы Алексей Пажитнов 1996 жылға дейін Кеңес Одағынан, содан кейін Ресей үкіметінен өзінің өнертабысынан дивиденд алмаған. Осы оқиға негізінде биыл «Тетрис» фильмі жарыққа шықты.

Ал сіз Тетристе жақсы ойнадыңыз ба?

💃Бүгін үй шаруасындағы әйелдер электр үтігінің пайда болған күнін тойлайды. 1882 жылы 6 маусымда американдық Генри Сили дүниежүзіндегі әйелдердің өмірін жеңілдеткен өнертабысқа патент алды. Бұған дейін адамдар салмағы шамамен 10 келі болатын шойын мен металдан жасалған ыстық үтіктерді пайдаланған. Олар тез суып қалатындықтан, барқыт пен нәзік зығыр маталарды үтіктеуге жарамсыз болды.

Үйіңізде үтіктің қандай түрін қолданасыз?

💫6 маусым қазақтың атақты екі тұлғасы дүниеге келді. Бүгін суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тұрсын Әбуов 87 жасқа толды. Оның туындылары дала көшпелілерінің мәдениетін әлемдік мәдениеттер кеңістігіне лайықты және мәнерлі түрде енгізе алды. Олар Ақорда мен Қазақстан, Ресей, АҚШ, Германия және басқа елдердің мұражайларында қойылған. Бүгін сонымен қатар музыкант, композитор, продюсер, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Бари Әлібасов 76 жасқа толды. Семей өңірінің тумасы ТМД елдерінде үлкен жетістікке жеткен «Интеграл» және «На-на» музыкалық ұжымдарын құрып, оларға жетекшілік етті. Өнер иесі «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған.